Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24247610
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 15534 15996 65031 23896833 31530 527623 24247610 Сіздің IP: 216.73.217.60
Уақыт: 2026-10-02 11:55:31
|
Жоғарғы сынып оқушылары сөйлейді
27 наурыз күні Оқушылар сарайының кіші залында «Жоғарғы сынып оқушыларының мінбері» атты іс-шара өткізілді. Оның негізгі мақсаты - Отанға деген сүйіспеншілікті және құрметті өсіру, жастардағы патриоттық сезімді дамыту. Іс-шараға қаламыздың №: 6, 34, 13, 14,15, 26, 17,2, 41, 21, 36, 40, 38 мектептері мен «Ровесник» клубынан барлығы 50 бала қатысты. Өткізілген шара барысында балалар Отан неден басталады? Өз Отаныңызбен мақтанасыз ба? Ұлтшылдық деген не? Патриоттық парызды әскери қызметпен байланыстырасыз ба? Қазіргі Қазақстанның патриоты деген кім? және т.б. сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерімен бөлісті. Соңында балалар «Жас Ұлан» ББЖҰ әнұраны «Достық әнін» орындады. |














