Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24700675
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1049
28270
29319
24448750
108788
375807
24700675

Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2026-11-10 01:31:39

ОТБАСЫ ӨНЕГЕСІ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ — ЗОЛОТАЯ ОСНОВА ВОСПИТАНИЯ ПОКОЛЕНИЯ СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ — ЗОЛОТАЯ ОСНОВА ВОСПИТАНИЯ ПОКОЛЕНИЯ
СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ — ЗОЛОТАЯ ОСНОВА ВОСПИТАНИЯ ПОКОЛЕНИЯ СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ — ЗОЛОТАЯ ОСНОВА ВОСПИТАНИЯ ПОКОЛЕНИЯ

2026 жылғы 6 қарашада М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәрбие ошағы: ата-аналар өнегесі – бала болашағы» атты облыстық ата-аналар форумы өтті.

СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ — ЗОЛОТАЯ ОСНОВА ВОСПИТАНИЯ ПОКОЛЕНИЯ СЕМЕЙНЫЕ ТРАДИЦИИ — ЗОЛОТАЯ ОСНОВА ВОСПИТАНИЯ ПОКОЛЕНИЯ 

Бала тәрбиесі – қоғамның ертеңіне тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Ал сол тәрбиенің алғашқы мектебі – отбасы. Баланың бойындағы адамгершілік, жауапкершілік, адалдық пен үлкенге құрмет секілді қасиеттер ең алдымен ата-ананың күнделікті әрекеті мен отбасындағы қарым-қатынастан қалыптасады. Форумның негізгі өзегі де осы ойға тоғысты.
Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысына жауапты басшылары, педагог-психологтер, ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ "Мирас", "Аққу", «Аналар», «Әкелер», «Аталар-әжелер», "Аға - жеңгелер" мектеп клубтарының өкілдері қатысты. 
Форумның кіріспе бөлімінде М.М. Қатаев атындағы Оқушылар сарайы басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғалия Иманбекова «Адал азамат» құндылықтарының отбасылық тәрбиедегі рөліне тоқталып, отбасы мен білім беру ұйымдарының ортақ жауапкершілігін атап өтті.
Оқушылар сарайының әдіскері Майя Темірбулатова «Тәрбие ошағы – ұрпақ тәрбиесіндегі сабақтастық пен серіктестік алаңы» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие жұмысындағы отбасы мен мектеп ынтымақтастығының маңызын ашып көрсетті.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Роза Әшімбетова «Ақыл айтпай тәрбиелеу: ата-ананың жеке өнегесі, отбасындағы қарым-қатынас тілі және цифрлық әдеттер» тақырыбында мазмұнды ой қозғады. Ол қазіргі отбасындағы тәрбие мәдениеті мен ата-ананың жеке үлгісінің маңызын ортаға салды.
Ал институттың аға оқытушысы Әлия Жүнісова «Саналы ата-ана – қауіпсіз бала» тақырыбында баланың қауіпсіз ортада қалыптасуы, ата-ананың бақылауы мен қолдауы туралы өзекті мәселелерді көтерді.
«Сенімен Болашақ» РҚБ белсендісі  Еркеғали Жанғазы «Балам жақсы болсын десеңіз» тақырыбында ата-ананың бала өміріндегі орнына тоқталып, жақсы тәрбие ең алдымен үлкендердің өзінен басталатынын жеткізді.
Форумның тәжірибелік бөлімінде Аққулы ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Әсем Оспанова мен аудан мектептерінің тәрбие жұмысына жауапты директор орынбасарлары мен мектеп клубтарының жетекшілері келді. Олар  «Бала тәрбиесіндегі үштік одақ: отбасы – мектеп – қоғам» тақырыбында бірлескен тәжірибелерін ортаға салды.
Олар мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелі болуы ата-анамен тұрақты байланысқа, ортақ талап пен өзара сенімге негізделетінін атап өтті. Аудандық тәжірибе қатысушыларға тәрбие бағытындағы тиімді тәсілдермен танысуға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында «Сенімен Болашақ» РҚБ жанашыры Арай Рахимжанова психологиялық тренинг өткізіп, қатысушыларды өзара пікір алмасуға, бала мен ата-ана арасындағы эмоционалдық байланыстың маңызын сезінуге бағытталған жаттығуларға жұмылдырды.
Форумның тәжірибелік бөлімінде Аққулы ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Әсем Оспанова бастаған аудан мектептерінің тәрбие жұмысына жауапты директор орынбасарлары мен мектеп клубтарының жетекшілері «Бала тәрбиесіндегі үштік одақ: отбасы – мектеп – қоғам» тақырыбында өз тәжірибелерін ортаға салды. Олар аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан тәрбиелік бастамалар мен тиімді жұмыс үлгілерін таныстырып, ұрпақ тәрбиесіндегі отбасы, мектеп және қоғамның өзара ықпалдастығын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Өнегелі тәжірибелер қатысушыларға ой салып, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықтың маңызын айқындай түсті.
Форум аясында Аққулы ауданының барлық клубтары белсенділік танытып, ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдары мен шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастырды. 
Көрме төрінен орын алған қолдан жасалған бұйымдар, сәндік-қолданбалы өнер туындылары мен шеберлікпен орындалған жұмыстар ауылдық клубтардың шығармашылық әлеуетін танытты. Әрбір бұйымнан ұлттық мұраға деген құрмет, ізденіс пен еңбектің ізі байқалды.
Бұл бастама – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің ғана емес, жас ұрпақтың бойына еңбекқорлықты, шеберлікті және өнерге деген қызығушылықты сіңірудің де жарқын көрінісі.
Форумның түйіні – тәрбие үштағанының тұтастығы. Отбасы балаға құндылықтарды сіңірсе, мектеп сол қасиеттерді дамытады, ал қоғам олардың өмірде орнығуына ықпал етеді. Осы үш тараптың өзара түсіністігі мен бірлігі ғана саналы, жауапты, отаншыл ұрпақ қалыптастыруға жол ашады.
Балаға қалдырар ең үлкен мұра – өнегелі тәрбие. Ал оның бастауы – ата-ананың жүріс-тұрысы, сөзі мен ісінің бірлігі.

 

Түсініктемелер қосу