ИДЕЯДАН НАҚТЫ ЖОБАҒА: ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ МЕҢГЕРУДЕ
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
ОТ ИДЕИ К РЕАЛЬНЫМ ПРОЕКТАМ: ПЕДАГОГИ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ ОСВАИВАЮТ ЦИФРОВЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ
|
ОТ ИДЕИ К РЕАЛЬНЫМ ПРОЕКТАМ: ПЕДАГОГИ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ ОСВАИВАЮТ ЦИФРОВЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ
|
12 қараша күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Балаларға қосымша білім берудегі жобалық қызмет: заманауи цифрлық құралдарды пайдалана отырып жобаларды әзірлеу және іске асыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Кәсіби кездесуге өңірдегі қосымша білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары, әдіскерлері мен педагогтері қатысты.
Семинардың басты мақсаты – цифрлық технологияларды қолдану ғана емес, балалардың тың идеяларын мазмұнды, қызықты әрі қоғамға пайдалы жобаларға айналдыру жолдарын көрсету.
Пленарлық бөлімде «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру, балалар бастамаларын қолдау, әлеуметтік жобалау және білім беру үдерісінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар SMART BALA жобасы мен қосымша білім беру жүйесін цифрландыру тәжірибесі таныстырылды.
Практикалық бөлім сегіз бағыттағы секциялық жұмысқа ұласты. Педагогтер нейрожелілер көмегімен жаңалықтар мен баспасөз хабарламаларын әзірлеу, шығармашылық идеяларды цифрлық құралдар арқылы визуализациялау, хореографиялық қойылымдар дайындау, балалардың актерлік шеберлігін дамыту және музыкалық білім беруде цифрлық ресурстарды қолдану тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балаларға кәсіптік бағдар берудің алғашқы қадамдары мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып, балалар жобаларын әзірлеу тәжірибелері ұсынылды.
Семинардың негізгі өзегі – баланы дайын білімді қабылдаушы емес, өз идеясын ұсына алатын, ізденетін, тәжірибе жасайтын және нақты нәтижеге қол жеткізетін тұлға ретінде қалыптастыру.
Кездесу педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, жаңа әдіс-тәсілдерді талқылауға және қосымша білім беру жүйесіндегі жобалық қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.
Түсініктемелер қосу