Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения21639120
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 4768 9406 44335 21358977 134292 430355 21639120 Ваш IP: 216.73.216.14
Время: 2026-03-13 10:00:17
|
Біз біргеміз
6 ақпан күні М.М.Катаев атындағы оқушылар сарайында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін «Сердце отдаю детям» қызықты шара ұйымдастырылып өткізілді. Шараға қонақ ретінде 25 мүмкіндіктері шектеулі балалар және олардың ата-аналары шақырылып, қала мектептерінің 20 жас маманы қатыстырылды. Самал Сагатовна Сулейменова ойын бағдарламасын саяхат түрінде жүргізді. Ойын арқылы балалардың танымдылық әрекеті белсендетіліп, олардың коммуникативтік дағдылары дамиды. «Лучистая» стансасында балалар өзара танысып, «Улыбка» ойынын ойнады; «Балшуақ» стансасында «Ровестник» қоғамдық клубының волонтерлері өз өнерін көрсетті; «Музыкальная» стансасында «Дебют» авторлық студиясының балалары баршаның назарын өздері аударды. «Родная» стансасында балаларға қосылып ата-аналар да «Шляпа» және «Самый-самый» ойындарын ойнады; «Танцевальная» стансасында «Анастасия» би-спорт клубының балалары би билеп, флэш-моб орындады; «Позитивная» стансасында барлық ойыншылар достық әнұранын орындады. Ойын балаларға сыйлықтар таратуымен және «Доброе сердце» плакатын безендірумен аяқталды. Әр қатысушы плакатқа қағаздан жасалған жүректі жапсырды. Осындай шаралар әр қатысушыға адамгершілікті білдіруге мүмкіндік береді, балаларды төзімділікке үйретеді, мүмкіндіктері шектеулі балаларға қоғамда өз орнын тауып, белсенді болуға мүмкіндік береді және шығармашылықты дамытуға жағдай жасайды. |














