Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21123147
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11152 13683 37587 20839683 48674 408197 21123147 Сіздің IP: 216.73.216.22
Уақыт: 2026-02-04 16:51:04
|
Күлу уақыты
Қазақстанда мүгедектер күні қарсаңында 6 қазан күні Павлодар облысының М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының балалар бейбітшілік орталығы мейірімділік күнін ұйымдастырды. Іс-шараның қонақтарына үйде оқитын балаларға және денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларға станция бойынша ойын бағдарламасы өткізілді. М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Ровесник» клубының тәрбиленушілері «тірі дәлізбен» балаларды қарсы алу «Оң» станциясымен іс-шара басталды. «Жентек қар» ойынында барлық қатысушылар бір-бірімен танысып, оң зарядты сезім берді. «Ровесник» клубының балалары «Смайликтер» станциясында «Көңілді шапалақтар» арт-терапиясын қонақтар үшін өткізді. Келесі қозғалмалы станциясы «Фиксики» флэш-мобында шақырылған қонақтар мен ұйымдастырушылар биледі. Күзгі суреттер орындау техникасы Оқушылар сарайына келген балаларға бірегей сабақ болды. Осындай шығармашылық іспен балалар «Күзгі көңіл-күй» станциясында айналысты. Балалар бейбітшілік орталығының денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалармен мерекелік кездесу «Ғарыштық» станциясымен, Оқушылар сарайының обсерваториясына экскурсиямен, «Шоқжұлдыздар» фильмін көрумен аяқталды. «Time to smile» ойын бағдарламасына М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Ровесник» клубынан 10 бала, 10 ата-ана, денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балалардан 6 адам қатысты. Балалар бейбітшілік орталығының директоры Сүлейменова Самал Сағатқызының айтуы бойынша барлық санаттағы балаларды мейірімділікке және шыдамдылыққа тәрбиелеуге, қолданбалы өнерді эстетикалық дағдыландыруға, аса өнегелі жас ұрпақты қайырымдылыққа үйретеді. |














