Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17490371
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1193 23967 123277 17154813 410322 426494 17490371 Сіздің IP: 18.189.188.228
Уақыт: 2025-04-26 05:25:21
|
Күзгі поэзия
Оқушылар сарайының «Рауан» әдеби-шығармашылық студиясында 2015 жылдың 11 қарашасында «Күз кереметі – күзгі поэзия» атты әдеби қонақжайына 29 оқушы мен ата-аналар жиналды. Денсаулықтарында ақаулықтары бар «Самал» оңалту орталығының балалары мен жасөспірімдері, Алина Сафронова, Екатерина Семенистая, Алина Петухова және Евгений Нечай мереке қонақтары болды. Олар әдеби ойындар мен викториналарға қатысты. Катя Семенистая музыкалық әуенге қосылып, үш өлең оқыды. №115 аудиториясында «Күз келбеті» атты кішігірім көрме көрсетілді. Бұнда оқушылар табиғи материалдан жасаған бұйымдар, күзгі ағаш бұталары және гүл шоқтары, керемет суреттерді ұсынды. Балалар күз туралы мысалдар, күзгі болжамдар, күз туралы тақпақтар, өздері қалам ұшынан жазған өлеңдерін жұртшылыққа паш етті. Мереке барысында педагог Мария Юрченко күздің басты кейіпкерлері – Қыркүйек, Қазан, Қараша туралы тақырыптық жұмбақтар жасырды. Оқушылар мен ересек адамдар «Листопад», «Осенний марафон», «Краски осени», «Поход за грибами» атты әдеби ойындарға қатысты. Оқушылар конкурстарға қатысып, «Буриме» ойыны, бутафор шалшық суы ойынын ойнап, күзгі саңырауқұлақтарды терді. Конкурс және викторина жеңімпаздарына естелікке дипломдар мен тәтті сыйлықтар табысталды. Қонақжай қорытындысында «Күз таңғажайыбы» атты топтық қойылым көрсетілді.
|