Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17493328
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4150 23967 126234 17154813 413279 426494 17493328 Сіздің IP: 3.14.146.45
Уақыт: 2025-04-26 11:13:52
|
«Татулық тірегі, достық дәнекері»
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Татулық тірегі, достық дәнекері» тақырыбына арналған бейнеролик және тұсаукесерлердің облыстық дистанциялық конкурсының салтанатты марапаттау рәсімі Оқушылар сарайында 28 сәуір күні өтті. Аталмыш шығармашылық сайыста Ақсу, Павлодар қалалары және Ақтогай, Ақсу, Баянауыл, Железин, Ертіс, Шарбақты аудандарынан 25 жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары және тәрбиеленушілері қатысты. Конкурстық жұмыстар мына тақырыптар бойынша ұсынылды: «Интернационалды отбасы», «Қазақстан халықтарының мәдениеті,салт-дәстүрлері», «Қазақстан халқының ерлігі мен достығына байланысты Павлодар облысының атаулы, ескерткіш орындары». Қазылар алқасы 44 конкурстық жұмыстардан үш жас тобына қарай үздік жұмыстарды таңдап алды. Олар конкурс талаптарына сәйкес болып, пайдаланған сюжеттің өзгешелігімен, жаңашылдығымен, ұсынылған ақпараттың шынайылығымен және тарихи құндылығымен,эмоциалық сенімділігімен ерекшеленді. Қазылар алқасының құрамында Білім беру және тәрбиені дамыту инновациялық орталығының және М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының мамандары енді. |