Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22468330
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3961 16772 3961 22235337 292097 328164 22468330 Сіздің IP: 216.73.216.214
Уақыт: 2026-05-25 12:06:00
|
Қылқалам мен қолөнер шеберлері жеңіске жетті
Облыстық Оқушылар сарайы эстетика бөлімінің тәрбиеленушілері «Алтын күз» республикалық шығармашылық конкурсының жеңімпаздары атанды. Қашықтан өткізілген конкурс 15 қыркүйектен 30 қараша аралығында ұйымдастырылған болатын. Сайыс қортындысы 20 желтоқсан күні Martebe.kz. республикалық білім беру сайтында жарияланған болатын. «Сырмақ» ұлттық өнер және «Сымбат» бейнелеу өнерінің жас шеберлері «Үздік сурет» және «Үздік қолөнер» номинациялары бойынша сайысқа қатысқан еді. Аталмыш сайысқа қол өнер шеберлері 20-дан астам шығармашылық жұмыс жіберген болатын. Оның ішінде 15 жұмыс бірінші орынға ие болды. Студия жетекшілері Дауирбек Жагслах пен Елена Каркавина жоба ұйымдастырушылары атынан алғыс хатқа ие болды. «SKILLS ACADEMY» ұйымы атынан Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева алғыс хатпен марапатталды. |














