Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24402741
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5288 8002 5288 24148758 186661 527623 24402741 Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-10-12 09:16:48
|
«Птичий перезвон» сайысы «Палитра» студиясына жеңіс әкелді
2019 жылдың 29 наурыз күні Ақсу қаласында «Птичий перезвон» IX Республикалық экологиялық конкурс-фестивалі өтті. Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 500-ден астам оқушы қатысты. Облыстық Оқушылар сарайының «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студиялары сайысқа 12 жұмыс ұсынды. «Палитра» студиясының тәрбиеленушісі Анжелика Дудниктің «Қала маңындағы үкі» картинасы 2-ші дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Саида Жумадированың «Құстар әңгімесі», Виттих Натальяның «Құстар қызығы», Лиза Галкинаның «Бейбітшілік аспан» картиналары сайысқа белесенді қатысқаны үшін диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды. Конкурстың ең кішкентай суретшісі «Палитра» студиясының тәрбиеленушісі Саида Жумадирова атанды. Ол небәрі 7 жаста. Бейнелеу студияларының жетекшілері Васелина Дмитриева және Елена Каркавиналар жеңімпаздарды дайындаған үшін алғыс хатқа ие боды. |














