Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24497243
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1773 6148 22787 24241211 281163 527623 24497243 Сіздің IP: 216.73.217.121
Уақыт: 2026-10-22 07:05:34
|
Жүрекке мейірімді бейнелер
Халықаралық әйелдер күні қарсанында М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайында «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Каркавина Елена Александровнаның және «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Дмитриева Василина Александровнаның ұйымдастыруымен «Менің сүйікті анашым» атты сурет көрмесі ашылды. 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған көрмеде кескіндеме техникасында салынған балалардың 35 ең үздік суреті ұсынылды. Балалардың салған суреті өте әдемі, айқын, шынайы болды. Кейбір суреттерде ана өз жанұясымен бейнеленді. Жас суретшілердің қызықты жұмыстарын 400-ден астам үйірмешілер тамашалады. Келіп көремін деушілердің барлығына көрме есігі ашық. |














