Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20611306
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11835 20689 93657 20271055 378984 381361 20611306 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-27 20:42:49
|
Отан туралы суреттер
2015 жылдың 14 желтоқсан күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы эстетикалық тәрбие беру бөлімі «Менің Қазақстаным» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. «Палитра» және «Сымбат» бейнелеу студияларының тәрбиеленушілері жалпақ жұртқа сурет техникасында және сия графикасында 20 жұмыс түрін ұсынды. Жас суретшілер ақ қағаз бетіне қайратты батырлар бейнесін, жауынгерлердің ерліктерін, туған елдің табиғатын, мерекелік дастарханды бейнеледі. Көрмеде Оқушылар сарайы студиялары мен клубтарының 50-ге жуық тәрбиеленушілері болып қайтты. Көрме келушілеріне әр туынды туралы «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Каркавина баяндап берді. Көрме желтоқсанның 25-не дейін жалғасын табады. |














