Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21853588
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5519 12442 29550 21580948 5519 343241 21853588 Сіздің IP: 216.73.216.169
Уақыт: 2026-04-01 13:27:53
|
«Тинго-танго» немесе «English club» клубында алғаш кездесу
Өткен жексенбіде 11 ақпан күні Оқушылар сарайында «English club» клубында алғаш кездесу өтті. Ағылшын тілінде дәстүрлі емес таныстыру сабағын Колумбия елінен келген қонақ Анхелика Бургос (Angelica Burgos) өткізді.
Ағылшын тілін оқулықсыз қалай оқуға болатынын көру үшін қаламыздың мектептерінен 25 оқушы жиналды. Шет тілінде ауызекі сөйлеп үйрену таныстырудан басталды. Анхелика «Тинго-танго» атты колумбиялық ойынын ұйымдастырды. Балалар бұл күні Колумбия туралы ағылшын тілінде бейнероликтер тамашалап, олардың Богота деген астанасымен танысып, колумбиялықтардың ұлттық киімдері және тағамдарынан көп ақпар алды. Бургос ханым әйгілі колумбиялықтар, оның ішінде әнші Шакира, жазушы «Сто лет одиночества» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркес және Йерри Мина және Хамеса Родригес деген футболисттер туралы айтып берді. Оқушылар әнші Джей Бальвинннің колумбиялық екенің біліп, таң қалды. Анхелика тек қана әйгілі адамдар туралы айтпай, сонымен қатар олардың елордасында метроның жоқ екенің айтып, жолдағы көлік кептелісінің жағдайымен бөлісті. Павлодарлық оқушылар өз қалалары туралы баяндап, топпен жұмыс жасады. Тіпті дастархан басындағы шайдың үстінде ағылшын тілінде әңгіме-дүкен таусылмады. Оқушылар көп жаңа ақпарат алып, ең бастысы тілге қатысты көп тәжірибе жинады. |














