Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24744154
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 14416 30112 72798 24448750 152267 375807 24744154 Сіздің IP: 216.73.216.188
Уақыт: 2026-11-11 21:27:23
|
Оқушылар сарайында жаңа ІТ-сынып ашылды
2018 жылдың 25 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының «1000 ІТ-сынып» жобасы аясында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында ІТ-сынып ашылды. Мектеп оқушылары үшін бағдарламалар мен робототехниканы тереңдетіп оқытуға арналған кабинеттің ашылуына аймақ басшысы Болат Бақауовта қатысты.
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың айтуы бойынша 25 мамыр күні аймағымызда бір уақытта 15 ІТ-сынып ашылды. «Ыбырай» жас бағдарламашылардың лигасы» қоғамдық қорының директоры Азиза Шужееваның айтуынша, кабинеттердің материалдық техникалық базасы толығымен жабдықталған. - Біз оқу бағдарламасын іске қосу бойынша белсенді жұмыс жасаудамыз, - дейді Азиза Шужеева. – Әр ІТ-сыныптан екі-үш адамды оқытамыз. Тек мұғалімдерді ғана емес, сонымен қатар түлектерді тартып, жүйе әкімшісін де дайындау жоспарымыз бар. Ұстаздарымыздың ІТ-ментор болғанын қалаймыз. Үш айдан соң бақылау өткізіп, бірінші модульдің қалай жүзеге асқанын көреміз. Тренингтер жасап, үздіктерді марапаттаймыз. Айта кетейік, ІТ-сыныпта оқушылар еуропалық білім стандартына сай қарапайым алгоритмдердің тізбесін, бағдарлау мен Web-сайттарды, компьютер ойындарын, анимацияларды жасауды үйренеді. 2018 жылдың 1-қыркүйегіне дейін Павлодар облысының әр ауданы мен қаласында ІТ-сыныптар ашылады. |














