Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения22607168
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 5832 6125 42650 22358942 91984 338951 22607168 Ваш IP: 216.73.216.205
Время: 2026-06-13 19:52:48
|
Ғарыш жақындап келеді...
2019 жылдың 20-23 қыркүйек күндері Бердск қаласының «Юбилейный» атты лагерінде XIII-ші «СибАстро-2018» Сібір астрономиялық форумы өтті. М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері мен олардың жетекшілері Гүлнәр Баубекова форумның жұмысына қатысты.
Қазақстанның құрама командасына Көкшетау қаласынан да астрономия әуесқойлары болды. Форум ұйымдастырушылары: Новосібірлік үлкен планетарий, Сібір геожүйе және технологиялар мемлекеттік университеті, Иркутск қаласы мемлекеттік университетінің обсерваториясы, Новосібір аспап жасау зауыты және Новосібір астрономиялық қоғамы. СибАстро форумында ғылыми-танымдық дәрістерді Ресей ғылым академиясының арнайы астрофизикалық обсерваториясының ғылыми қызметкерлері, Қырым астрофизикалық обсерваториясы және Ресей ғылым академиясының ядорлық зерттеулер институтының зерттеушілері оқыды. Сибастроның ғарыш қонағы Ресей ғарышкерлерінің қатарындағы жалғыз әйел адам Анна Юрьевна Кикина болды. Ол жердегі 17 күндік оқшаулау эксперименті туралы баяндап, оқушыларға арнайы викторина өткізді.
Ресей ғылым академиясының Ядролық зерттеулер институтының (Мәскеу) ғылыми қызметкерлері Борис Штерн экзотикалық планеталар туралы айтып, балаларға жеке қолтаңбасы бар кітапты сыйға тартты. Аталмыш шарада «Лики Луны» атты ең үздік астросуреттерге арналған конкурс өткен болатын. Астросуреттердің ең үздік авторлары Беличенко Алексей және Сагындык Асанәлі атанды.
- Форумда балалар өзара әрекеттесетін галактикалар, ғаламның экзотикалық нысандары туралы білді. Иркутск мемлекеттік университеті обсерваториясының директоры Сергей Язев Чилидегі жалпы күн тұтылу экспедициясына қатысқаны туралы айтты. Тамаша ауа-райының арқасында телескоптардың көмегімен түнгі бақылау жүргізілді, телескоптардың шеруі, түнгі көру құрылғыларында шеберлік-сабақтар өтті. Сондай-ақ, біз «Дельфиния» Океанография және теңіз биология орталығында болдық», - деді клуб жетекшісі Гүлнар Баубекова. Форумның жабылуында «Антарес» астроклубының жетекшісі Гүлнар Баубекова алғыс хатпен марапатталды. |














