Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

17496101
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6923
23967
129007
17154813
416052
426494
17496101

Сіздің IP: 3.144.216.188
Уақыт: 2025-04-26 16:47:53

Республикалық «Astro Space School» Астротурнирі – еліміздің ең үздік жас астрофизиктерін біріктірді

 

Республиканский Астротурнир "Astro Space School" собрал сильнейших юных астрофизиков страны Республиканский Астротурнир "Astro Space School" собрал сильнейших юных астрофизиков страны
Республиканский Астротурнир "Astro Space School" собрал сильнейших юных астрофизиков страны Республиканский Астротурнир "Astro Space School" собрал сильнейших юных астрофизиков страны

12 сәуір – Ғарышкерлер күні Астанадағы Tamos School мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігі мен "Астана дарыны" орталығының қолдауымен ауқымды республикалық "Astro Space School" Астротурнирі өтті. Турнир астрофизика мен ғарышқа қызығушылық танытатын еліміздің түкпір-түкпірінен келген дарынды оқушыларды біріктірді.

Республиканский Астротурнир "Astro Space School" собрал сильнейших юных астрофизиков страны 2025.04.14 04 

Республиканский Астротурнир "Astro Space School" собрал сильнейших юных астрофизиков страны Республиканский Астротурнир "Astro Space School" собрал сильнейших юных астрофизиков страны

Іріктеу кезеңіне физика-математика бағытындағы мектептерден, лицейлерден, гимназиялар мен арнайы білім беру мекемелерінен 97 команда қатысты. Офлайн жартылай финалға жоғары дайындық деңгейін және астрономиялық құбылыстар мен ғарыш физикасын терең түсінетіндігін көрсеткен 32 команда өтті. Қатысушылар қатарында РФММ, НЗМ, "Дарын", "Зерде" және өзге де беделді білім ордаларының оқушылары болды.
Астротурнир – бұл оқушылар арасында өтетін командалық ғылыми сайыс, мұнда қатысушылар астрономия мен астрофизика бойынша күрделі есептерді шешіп, өз шешімдерін таныстырып, өзге командалармен пікірталас жүргізіп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап береді.
Іс-шараның ашылу салтанатына "Астана дарыны" орталығының директоры Жанар Мәулетқанқызы Бейсенбаева, сондай-ақ арнайы шақырылған сарапшылар – белгілі астрофизик Олег Станиславович Угольников (бақылаушы ретінде) және Ресей ғылым академиясының Күн-Жер физикасы институтының ғалымы Николай Николаевич Перцев (қазылар алқасының мүшесі) қатысты.
Финалдық кезеңге ең мықты 8 команда өтті: Павлодар қаласындағы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының "Антарес" командасы, Астана қаласындағы №8 "Дарын" лицейі, №79 лицей, №9 "Зерде" лицейі, Қарағанды қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы лицей, Петропавл қаласындағы НЗМ (ХБН), Қостанай қаласындағы С. Мауленов атындағы гимназия және №23 орта мектеп.
Командалар теориялық және практикалық астрофизикаға қатысты күрделі тапсырмаларды орындау бойынша өзара бақ сынасты.  
Айрықша атап өтуге тұрарлық команда — М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайындағы "Антарес" астроклубының тәрбиеленушілері: Ким Даниил, Шарипхан Ерболат, Ибраев Мирали және Садуев Алияр. Олар Баубекова Гүлнар Қайырболатқызының жетекшілігіндегі эксперименттік топта оқиды. Команданың өнер көрсетуі турнир мақтанышына айналды. Ал капитан Ибраев Мирали "Үздік спикер" атағына ие болды.
Қызықты әрі тартысты жарыс қорытындысы бойынша Оқушылар сарайының командасы жүлделі II орынды иеленіп, өздерінің жоғары дайындық деңгейін және ғылымға деген шынайы қызығушылығын дәлелдеді.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды Астротурнирмен құттықтаймыз! Бұл жарқын оқиға балалар үшін ұмытылмас тәжірибе ғана емес, болашақтағы үлкен жаңалықтарға бастар алғашқы қадам болсын. Ғарыш арманнан басталады – ал бұл оқушылар сол арманды жүзеге асыру жолына қадам басты.

 

Түсініктемелер қосу