Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения23707693
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 3420 15816 32481 23422659 19236 579883 23707693 Ваш IP: 216.73.216.228
Время: 2026-09-02 06:27:53
|
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «Қамқор» облыстық жобасының қорытындысы» атты облыстық вебинар
2025 жылғы 29 мамырда М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Оразбаева А.А. облыстық «Қамқор» жобасының қорытындысы бойынша вебинар ұйымдастырды. Вебинар Zoom платформасында өтті. Шараға Павлодар облысы мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жобаға жауапты қалалық және аудандық үйлестірушілер, сынып жетекшілері қатысты. Спикер ретінде «Ашық жүректер» қорының өкілі — Оспанова Мира Макеновна шақырылды. Ол «Жақсылық жаса» акциясының белсенді қатысушыларын марапаттау жөніндегі қордың бастамасы туралы айтып берді. Қатысу шарттарын еске салып, ізгі істердің маңыздылығын атап өтті және қайырымдылыққа бағытталған қаражат жөнінде ақпарат ұсынды.
|














