Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения19893151 
	Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 		3558 10747 14305 19628472 42190 494996 19893151 		Ваш IP: 216.73.216.23 
	Время: 2025-11-04 08:32:26 
 |              
            
            
            Андерсенде қонақта
 2015 жылдың 8 сәуір күні Оқушылар сарайында «В гостях у Андерсена» атты театрландырылған қойылым болды. Қаламыздың № 2,6,7,9,13,28,34,36,41,43-ші мектептерінен 400-ге жуық бастауыш сынып оқушылары үлкен мерекеге қатысты. Оқушылар 170-тен астам ертегі жазған, әйгілі дат ертегішісіне 210 жыл толғанын біліп, білімдерін толықтырды. Бұл күні сахна төрінде Андерсеннің кейіпкерлері Мұз ханшайымын мейірімді етіп жасағысы келді. Бұл үшін көрермендер бірнеше сынақтардан өтті, оларға Кай, Герда, Кішкентай қарақшы, Дюймовочка, Су перісі көмекке келді. Оле-Лукойе викторинасы ертегі білгірлерін анықтады. Балалар керемет аққуға айналған сұмпайы үйрекпен ойнады. Мереке қызықты өту үшін ханзада мен ханшайым ән мен би ұжымдарының жас әртістерін сахна төріне шақырды. Мерейтой иегерін құттықтау үшін қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар көсе де келді. Бұл қызықты әрі танымал қойылымды Оқушылар сарайының атақты «Арман-шоу» ұжымы, жетекшісі Бекбулатова Алмагүл Слямқызы және кітапхана меңгерушісі Суворова Татьяна Владимировнаның ынтасымен дайындалды.  | 
            
                        
            














