Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22891462
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1766 4922 53371 22612565 105710 270568 22891462 Сіздің IP: 216.73.217.39
Уақыт: 2026-07-12 07:47:53
|
Андерсенде қонақта
2015 жылдың 8 сәуір күні Оқушылар сарайында «В гостях у Андерсена» атты театрландырылған қойылым болды. Қаламыздың № 2,6,7,9,13,28,34,36,41,43-ші мектептерінен 400-ге жуық бастауыш сынып оқушылары үлкен мерекеге қатысты. Оқушылар 170-тен астам ертегі жазған, әйгілі дат ертегішісіне 210 жыл толғанын біліп, білімдерін толықтырды. Бұл күні сахна төрінде Андерсеннің кейіпкерлері Мұз ханшайымын мейірімді етіп жасағысы келді. Бұл үшін көрермендер бірнеше сынақтардан өтті, оларға Кай, Герда, Кішкентай қарақшы, Дюймовочка, Су перісі көмекке келді. Оле-Лукойе викторинасы ертегі білгірлерін анықтады. Балалар керемет аққуға айналған сұмпайы үйрекпен ойнады. Мереке қызықты өту үшін ханзада мен ханшайым ән мен би ұжымдарының жас әртістерін сахна төріне шақырды. Мерейтой иегерін құттықтау үшін қазақ ертегісінің кейіпкері Алдар көсе де келді. Бұл қызықты әрі танымал қойылымды Оқушылар сарайының атақты «Арман-шоу» ұжымы, жетекшісі Бекбулатова Алмагүл Слямқызы және кітапхана меңгерушісі Суворова Татьяна Владимировнаның ынтасымен дайындалды. |














