Мы в соцсетяхАнтикоррупционная службаДворец школьниковОблако теговСамые читаемыеНаши посещения14628802
Сегодня Вчера На этой неделе На прошлой неделе В этом месяце За прошлый месяц За все дни 2618 8999 33657 14356641 103698 356704 14628802 Ваш IP: 44.200.122.214
Время: 2024-10-10 04:03:07
|
Ұлы даланың жеті қырына саяхат
2019 жылдың 17 мамыр күні Облыстық Оқушылар сарайында «Ұлы даланың жеті қырын білесің бе?» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға қазақ халқының тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, патриоттық тәрбие беру. Сайысқа Павлодар қаласының №2 ЖОББМ-нен «Көшпенділер» тобы, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінен «Ұлы дала мұрагерлері» тобы және Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері «Томирис» тобы қатысты. Танымдық ойын «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейне сюжетімен басталды. Сайыс жеті кезеңді қамтыды. Командалар өз топтарын таныстырып, ұлы даланың жеті қыры бойынша өздері дайындаған презентацияларын қорғады, арнайы дайындалған карточкалардан ұлттық ат-спорт ойындарын таба білді. Ойынның «Кім жылдам» кезеңінде «Ұлы даланың есімдері» бойынша дайындалған сұрақтарға барлық командалар толық жауап беріп, білімдерін ортаға сала білді. Сайысқа қатысушылар «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде мақал-мәтел жарысынан үздік білім көрсетіп, ақындық қабілеттерін де паш етті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Павлодар қаласының №2 ЖОББМ-нің оқушылары «Көшпенділер» тобы иеленді. Ал екінші орынды Оқушылар сарайының жас тілшілері «Қаламгер» тобы жеңсе, үшінші орынды дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-лицейінің «Ұлы дала мұрагерлері» тобы қанжығасына байлады. - Бүгін біздің сайысымызда оқушылар атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металургиясы, алтын адам, алма мен қызғалдақ, ұлы жібек жолы туралы мол мәлімет алып, білімдерін де үздік көрсете білді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова. |