Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12646398
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1291
17782
105347
12290016
340563
367470
12646398

Сіздің IP: 3.236.55.137
Уақыт: 2024-03-29 02:34:50

Ұлы даланың жеті қырына саяхат

Ұлы даланың жеті қырына саяхат Ұлы даланың жеті қырына саяхат
Ұлы даланың жеті қырына саяхат Ұлы даланың жеті қырына саяхат

2019 жылдың 17 мамыр күні Облыстық Оқушылар сарайында «Ұлы даланың жеті қырын білесің бе?» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға қазақ халқының тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, патриоттық тәрбие беру.

Сайысқа Павлодар қаласының №2 ЖОББМ-нен «Көшпенділер» тобы, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінен «Ұлы дала мұрагерлері» тобы және Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері «Томирис» тобы қатысты.

Танымдық ойын «Ұлы даланың жеті қыры» атты бейне сюжетімен басталды. Сайыс жеті кезеңді қамтыды. Командалар өз топтарын таныстырып, ұлы даланың жеті қыры бойынша өздері дайындаған презентацияларын қорғады, арнайы дайындалған карточкалардан ұлттық ат-спорт ойындарын таба білді. Ойынның «Кім жылдам» кезеңінде «Ұлы даланың есімдері» бойынша дайындалған сұрақтарға барлық командалар толық жауап беріп, білімдерін ортаға сала білді. Сайысқа қатысушылар «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде мақал-мәтел жарысынан үздік білім көрсетіп, ақындық қабілеттерін де паш етті.

Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Павлодар қаласының №2 ЖОББМ-нің оқушылары «Көшпенділер» тобы иеленді. Ал екінші орынды Оқушылар сарайының жас тілшілері «Қаламгер» тобы жеңсе, үшінші орынды дарынды балаларға арналған Абай атындағы мектеп-лицейінің «Ұлы дала мұрагерлері» тобы қанжығасына байлады.

- Бүгін біздің сайысымызда оқушылар атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металургиясы, алтын адам, алма мен қызғалдақ, ұлы жібек жолы туралы мол мәлімет алып, білімдерін де үздік көрсете білді. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова.

Түсініктемелер қосу