Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

13095324
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4994
10869
56605
12823283
148122
265655
13095324

Сіздің IP: 18.224.61.12
Уақыт: 2024-05-18 12:21:47

«Жастар шығармашылығы – 2011» облыстық техникалық көрме және жас техниктердің облыстық слетін өткізудің ережесі

Қосымша 1

«Жастар шығармашылығы – 2011» облыстық техникалық көрме және

жас техниктердің облыстық слетін өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

І Мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаттары:

  1. Балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық шығармашылығының дамуына және құрылымдаулық ойлауына ықпал жасау.

  2. Балалар мен жасөспірімдердің зерттеушілік және өнертабыстық әрекет дағдысын қалыптастыру.

  3. Жастар арасында техникалық және инженерлік мамандықтарды тарату.

Міндеттері:

  1. Қала және ауыл балаларын техникалық шығармашылыққа тарту.

  2. Жалпы білім беретін және мектептен тыс ұйымдардың жас техниктарының үздік жұмыс тәжірибесін анықтау, насихаттау.

  3. Техникаға, техникалық мамандыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке баулу.

  4. Балалардың бойында еңбекқорлық, ынталық және әр деңгейдегі техникалық көрмелерге қатысу ықылас сезімін тәрбиелеу.

2. Көрмені өткізу орны мен мерзімі

«Жастар шығармашылығы» облыстық техникалық көрме Павлодар қаласында 2011 жылғы 13-14 қазанда М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында өтеді.

Көрмені, Павлодар облысының білім беру басқармасы бекіткен облыстық ұйымдастыру комитеті басқарады, ұйымдастырады және өткізеді.

3. Көрмеге қатысушылар

1.Көрмеге қалалық, аудандық және мектептің техника бағытындағы көрмелердің жеңімпаздары, техникалық щығармашылықпен айналасатын 7-11 сынып оқушылары қатысады.

2.Көрмеге алдын ала облыстық қазылар алқасының іріктеуінен өткен жұмыстар қабылданады. Бұл соңғы шешім болып табылады.

3.Әр ауданның командасының құрамы: 5 оқушы және 1 жетекші

4. Көрмені өткізу тәртібі

1. Жас техниктердің облыстық слеті және «Жастар шығармашылығы – 2011» облыстық техникалық көрме 3 турдан тұрады:

1 тур – мектеп көрмелері;

2 тур – аудандық (қалалық);

3 тур - жас техниктердің облыстық слеті және «Жастар шығармашылығы – 2011» көрмесі;

Бірінші күні әкелінген экспонаттар мен қабырға баяндамаларынан көрме құрастырылып, орналастырылады. Қабырға баяндамалары көлемі А1 стандартты 2 беттік ватманнан аспауға тиіс. Оған жұмыстың мазмұнын көрсетін кесте. Суреттер орналасады.Қағазда салынған баспа материалдар жұмысты техникалық сипаттайтын келесідей тарулардан тұрады:

  • алған міндеттің қысқаша аннотациясы;

  • оны шешу әдістерінің сипаты;

  • алған нәтиженің талдауы мен қорытындысы;

  • жұмыс тақырыбының әдебиеттеріне шолу.

Екінші күні жіберілген жұмыстар қорғалады. Қорғау жұмысты көрсетумен қоса жүреді. Қорғауға 7 минутке дейін уақыт беріледі. Жұмысты қорғауда техникалық шешімнің жаңашылдығы, өзектілігі, практикалық бағыты, оқушылардың көпшілік алдында таңдаған тақырыптың мақсатқа сәйкестігін дәлелдеу шеберлігі және үлгінің қозғалмалылығы (құбылмалылығы) бағаланады.

Көрмеге әр ұйымнан бағыттардың бірі бойынша 3 жұмыстан жіберіледі. Жұмыстарды 2011 жылдың 12-інші қазанына дейін мына мекенжайға жіберілсін: Павлодар қаласы, 1 Май көшесі 27, облыстық Оқушылар сарайы.

5. Жұмыстардың мазмұны.

Көрмеге бұдан бұрын облыстық көрмеге қатыспаған жеке және ұжымдық жұмыстар (ұжымдық жобаны орындаушылардың саны 3 адамнан аспауға тиіс) жіберіледі.

Жұмыстар төмендегі бағыттар бойынша жіберіледі және көрмеге қойылады:

1. Жас техниктер – ауыл шаруашығына (негізгі операцияларды имитациялайтын және олардың міндетін көрнекі бейнелейтін, ауыл шаруашылығы техникасының үлгі - көшірмелері).

2.Болашақтың техникасы, қиял – ғажайып жобалар (жаңа техника мен технологиялардың құрылғылары, макеттері мен үлгілері).

3.Су көлігі (кемелердің үлгі – көшірмелері, эксперименттік үлгілер, әуедегі кемелер, су асты аппараттары).

4. Әуе көлігі (үлгі – көшірмелер, ұшақ және тікұшақ үлгілері).

5.Автокөлік (автокөлік үлгілері – көшірмелері, эксперименттік үлгілер). арналған құралдар).

6. Фотоға түсіру (10 фото, көлемі 20х20 см. Тақырыптары: «қосымша білім беру педагогтері мен балалары»)

7. Радиоэлектроника (тұрмыста және халық шаруашылығында қолданылатын радиоэлектроникалық құрылғылар мен құралдар).

6. Техникалық сипаттау рәсіміне қойылатын талаптар.

1. Техникалық сипаттау А4 форматындағы қағазда 2 дана дискет файлында жіберіледі.

2. Әр жұмыстың техникалық сипаттауы келесідей мәліметтерді мазмұндайтын манинаға басылған бір беттік мәтін түрінде болуға тиіс.

- секцияның атауы;

- жұмыстың аты;

- оқу мекемесінің толық аты;

- автор(лар)дың аты, тегі;

- сыныбы;

- пошталық мекенжайы, телефоны, E-mail (оқу мекемесінің немесе автордың);

- жұмыс жетекшісінің аты-жөні, жұмыс орны, қызметі;

-алға қойған міндет туралы қысқаша ақпарат;

- оны шешу әдістерінің сипаты;

- алған нәтижелердің талдауы;

-әдебиеттерге сілтеме.

3.Экспонаттың төлқұжаттың мазмұнына кіретін мәліметтер:

- экспонаттың атауы;

- қандай секциядан жіберілді;

-қандай аудан және ұйымнан жіберілді;

- орындаушы жөнінде деректер(тегі, мектебі, сыныбы);

- жетекшісі, кеңесшісі туралы деректер (аты-жөні, жұмыс орны, қызметі);

- үлгілерді жасаған материалдарды сипаттау;

- үлгі қанша уақыт дайындалды;

-үлгіні өзі ойлап тапқандығы немесе әдебиеттер бойынша жасалғаны көрселсін;

- бұл үлгіні қайда пайдалануға болады;

- үлгі дайындалған ұйымның басшысы туралы деректер, оның қолы мен ұйымның мөрі.

4.Техникалық сипаттау және экспонаттың төлқұжатын ресімдеу кезінде мына талаптарды ескеріңіз:шрифті Times New Roman, көлемі (кегль)12, жолдардың арасы 1;

Сөздер тасымалданбайды, азат жолдардың арасында бір бос жол қалдырылады (қосымша белгісі «Enter»).

7. Марапаттау

Әр бағыт бойынша жүлделер мен ынталандыру орындары белгіленеді. Облыстық көрменің жүлдегерлері дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталады. Жүлдегерлерді дайындаған ұстаздар білім беру басқармасының грамотасымен немесе алғыс хатымен марапатталады.

8. Қаржыландыру

Қалалық, аудандық «Жастар шығармашылығы» көрмесін ұйымдастыруға және жеңімпаздарды марапаттауға жұмсаған шығындар үшін қалалық және аудандық білім беру басқармалары жауапты.

«Жастар шығармашылығы» облыстық көрмені ұйымдастыруға және жеңімпаздарды ынталандыруға жұмсаған шығынды Павлодар облысының білім беру басқармасы көтереді.

Көрмеге қатысушылардың жол ақысын, тамақтануын және жатар орнын жіберген ұйымдар қамтамасыз етеді