Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

13095444
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5114
10869
56725
12823283
148242
265655
13095444

Сіздің IP: 3.145.156.204
Уақыт: 2024-05-18 12:50:35

№1-05/26 бұйрығына. Телефонограмма

Облыстың білім беру басқармасының

2011 жылғы «25»қаңтардан

№1-05/26 бұйрығына

Қалалық, аудандық

білім беру бөлімдерінің

бастықтарына

ТЕЛЕФОНОГРАММА

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысы білім беру басқармасының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық «Қаламгер қадамы 2011» әдеби-поэтикалық конкурс өткізіледі. Конкурстың ережесі туралы ақпаратты М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының сайтынан алуға болады (www.dshk.pvl.kz).

Конкурсты өткізудің мерзімі: 2011 жылғы 25 қаңтар - 8 сәуір.

Конкурсқа жалпы орта білім беретін мектеп, лицей, гимназиялардың 1-11 сынып оқушылары қатысады.

Конкурстың жанры: поэзия.

Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілінде орындалады, М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайына ағымдағы жылдың 11-18 наурыз аралығында қабылданады.

(каб. №225,223, телефондар 32-85-06, 32-85-17).

«Қаламгер қадамы 2011»облыстық конкурстың қорытындысы М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында

( Павлодар қ., 1 Май к-сі, 27), 2011 жылғы 8 сәуірде шығарылады.

Конкурсқа қатысушылардың жол ақысы және тамағын жіберуші ұйымдар қамтамасыз етеді.

Жоғарыда жазылғандарды негізге алып Сіздер конкурсқа қатысушылардың және іс-шараның қорытындысы бойыншажеңімпаздардың келуін қамтамасыз етулеріңіз қажет.

Павлодар облысының

білім беру басқармасының

бастығы Б.М. Бексейітова