Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17521166
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8724 12894 8724 17210852 441117 426494 17521166 Сіздің IP: 3.139.55.240
Уақыт: 2025-04-28 15:08:11
|
Aрналған облыстық «Қаламгер қадамы - 2011» әдеби-поэтикалық конкурсын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық «Қаламгер қадамы - 2011» әдеби-поэтикалық конкурсын өткізу туралы Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және жариялау, рухани мәдениетін көтеру, туған өлкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған облыстық «Қаламгер қадамы - 2011» әдеби-поэтикалық облыстық конкурс 2011 жылғы 25 қаңтардан 8 сәуір аралығында өткізілсін.
2.1. «Қаламгер қадамы - 2011» конкурсының шығыс сметасы бекітілсін (қосымша 2). 2.2. Конкурсты ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін (қосымша 3). 2.3. Конкурстың қазылар алқасының құрамы бекітілсін (қосымша 4). 3. Қалалық және аудандық білім беру бөлімдері 2011 жылғы 8 сәуірде М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында (Павлодар қаласы, 1 Май к-сі, 27) өтетін қорытынды шығару бойынша іс-шараға оқушылардың және конкурс жеңімпаздарының қатысуын қамтамасыз етсін. 4.М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының директоры Е.П. Луб облыстық «Қаламгер қадамы - 2011» әдеби-поэтикалық конкурсының тиісті деңгейде дайындығын және өткізілуін қамтамасыз етсін. 5. Облыстың білім беру басқармасының экономика және жоспарлау бөлімі (Г.Т. Кәлімжанова) «Қаламгер қадамы - 2011» әдеби-поэтикалық конкурсын бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруын қамтамасыз етсін. 6.Бұйрықтың орындалуын бақылау облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Г.Ш.Кадырбаеваға жүктелсін. Басқарма бастығыБ. Бексейітова Келісілді____________ Таныстырылды ____________ |