Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23331397
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 16777 15722 52182 22989335 222823 322822 23331397 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2026-08-12 19:56:12
|
«Қырық бірінші жылдан хат жазамын ...»
2016 жылдың 6 мамыр күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында Ұлы Отан соғысының 71-жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті. Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне және павлодарлық мектеп оқушыларына «Хат жазамын қырық бірінші жылдан....» атты әдеби-көркем музыкалық композиция қойылды. Оқушылар сарайының мұражайында және Павлодарлық Даңқ мұражайында сақталған үшбұрыш хаттар мерекелік сценариге негіз бола алды. Бұл уақыт өткен сайын сарғайған хаттар жолында, ерлік жолында қаза тапқан батырлардың жеке өмірлері жайлы, адам тағдырлары жазылған. Көңілге мұң ұялайтын бұл хаттар жолында сұрапыл соғыста соққыға ілінген адам тағдырлары жазылған. Әр жанұяда осындай тағдырға душар болған адамдардың тарихы есте қалуы тиіс. Сахына үстінде шырқалған әндер, ардагерлердің жас ұрпаққа арналған ұлағатты сөздері, осының барлығын мерекенің әрін келтірді. Оқушылар сарайының түрлі студиялары көркем-музыкалық қойылымда өнер көрсетті. Олар: «Калейдоскоп» және «Теремок» театр студиялары, «Свет звезды», «Музыкальный квартал», «Арман-шоу», «Дебют», «Жас Даурен», «Блэйз», «Анастасия» вокалдық және хореографиялық ұжымдары болды.
|














