Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12813980
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3615
7542
34052
12574557
132433
375712
12813980

Сіздің IP: 3.137.187.233
Уақыт: 2024-04-20 13:28:40

Оқушылар сарайының әншілері Павлодардан 4 мың шақырым жердегі орналасқан жарыста жеңіске ие болды

Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара
Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара

М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Музыкальный квартал» үлгілі вокал ұжымы биылғы жазда демалыс уақыттарымен  жұмыстарын табысты өткізді. «Қара теңіз жаңында» атты балалар, жасөспірімдер мен үлкендерге арналған XIII Ашық Халықаралық  фестиваль-конкурсында 6 жүлделі орынға ие болды. Аталмыш сайыс Сочи қаласында шілде айында өткен еді.

Фестивальдің негізін қалаушы  «Пилигрим» туристік агенттігінің «Мир на ладони» білім беру және мәдениет қолдау жөніңдегі  Халықаралық қайырымдылық қоры болып табылады. Бұл конкурста қазылар алқасының төрағасы болып – Кубань қаласының мәдениет қайраткері, Сочи өнер қолледжінің директоры Лидия Кузьмина, сонымен қатар Сочи өнер қолледжінің «Эстрадалық-джаз ән айту» бөлімінің меңгерушісі Илона Маевская болды. Жобаға Ресей, Грузия, АҚШ, Қазақстан елінен келген үміткерлер бар еді.

Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара
Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара Вокалисты Дворца школьников завоевали победу в 4 тысячах километров от Павлодара

- Біздің қатысушылар Алина Кулбаева, Дарья Иванченко, Милана Кравчук секілді әншілеріміз кіші топтың құрамында ән айтты, - дейді «Музыкальный квартал» ұжымының көркем жетекшісі Татьяна Атлан. - Аиша Арантаева мен Мадина Молдашевалар өз құрбыларымен орта топта жарысқа түсті. «Малые формы» атты номинацияны Дарьи Иванченко мен  Александра Литвиненколардан құралған «ЭльZа» дуэті таныстырды.

«Музыкальный квартал» ұжымы сахынада шырқалған әндерімен  I–ші орынға қол жеткізді. Олар:  Аиша Арантаева, Милана Кравчук, Алина Кулбаева және «ЭльZа» дуэті. Қола жүлдеге ие болған Дарья Иванченко мен Мадина Молдашевалар. - Біздің қыздар эстрадалық вокал атты номинациясында сынға түсті, - дейді «Музыкальный квартал» вокал студиясының аккомпаниаторы Ольга Полтева, - сонымен қатар осы бәйгеде 70-тен аса сайыскерлер болды. Біздің жеңіс - бұл үлкен жетістік.

«Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы 2010 жылдан бастап құрылған болатын. Бұл ұжымда жас әншілер ән айтқан кезде дұрыс тыныс алу, дыбыс шығару, сахыналық образды сомдауға үйренеді. Ұжымның жүлде қоржыныңда Болгария, Бавария,  Ресей елдерінен 2011 жылдан бастап Халықаралық деңгейде жеңістері бар. 2016 жылдың мамыр айында «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы «үлгілі» деген атқа ие болды.

Түсініктемелер қосу