Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар12652677
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7570 17782 111626 12290016 346842 367470 12652677 Сіздің IP: 44.195.30.216
Уақыт: 2024-03-29 15:34:04
|
«Анастасия» би клубы тағы да жеңіске жетті
Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы Джахангир Мусинов – Рената Гильмияновалардың жұбы Қазақстанның ұлттық би спортының кеңесінде 1-ші орынға қол жеткізді. Оқушылар «Открытый класс - Латина» атты юниорлар арасындағы санатында чемпион атанды. Қазақстан Республикасының ұлттық би спорт кеңесінің Чемпионаты Қарағанды қаласында 12 ақпан күні өтті. - Бұл турнир өте қиын болды, - дейді «Анастасия» БСК-ның жетекшісі Виолетта Никитина. – Қатысушылардың көп болғандығы сондай түнгі 12-нің кезінде би байқауы аяқталды! Бірақ, біз жеңіске жеттік! «Анастасии» клубының бишілері Ювеналы-2 ересек категориясында жеңімпаздар қатарында болды. Ғалымжан Токтагулов пен Жания Жексембаева 1-ші орынға иеленді. «Латина – Д класс» бағдарламасы бойынша Асанали Шокпаров-Кристина Корниенконың жұптары 2-ші орынға жайғасты. Турнирдің қатысушылары арасында Қазақстан және Ресей елінен би студиялары болды. Байқауға әділ баға берген Қазақстанның ұлттық би ұйымдарының өкілдері, алыс және жақын шетелдердің халықаралық төрешілері еді. «Анастасии» клубының бапкерлері Виолетта Никитина мен Анастасия Загорулько да қазылар алқасы мүшесінде болды. |