Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22294048
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7542 10501 7542 22049749 117815 328164 22294048 Сіздің IP: 216.73.216.64
Уақыт: 2026-05-11 09:20:40
|
Жаз демалысының күнтізбесі Шуақты жаздың екінші маусымы басталды
М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Балалар әлемі - 2017» жазғы экспресс лагерінің екінші маусымы өз жұмысын бастады. Қала мектептерінің оқушылары үшін екінші маусымда шығармашылық алаңдар, қызықты экскурссиялар, концерттер мен сахына төрінде ойын-сауық бағдарламалары қарастырылған. Бұл жерге келген әрбір оқушы үшін жазғы демалыс өте көңілді басталады. Бұл алаңдарда әрбір жеткіншек үшін сән әлемі, спорттық байқаулар, қолданбалы сән өнерінен қызықты тапсырмалар әзірленген. Сонымен қатар оқушылар үшін 29 маусым күні «Тамаша көңіл-күйдің мерекесі» атты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді. Бұл бағдарламада оқушылар сахына төрінде ән айтып, би билеп, «Тотошка» есімді сайқымазақпен қызықты ойындар ойнап, соңы флешмобқа ұласты. Сонымен қатар демалыста жүрген балалар үшін «Арман-шоу» театр-студиясы және «Музыкальный квартал» студиясының әншілері өз өнерлерін ортаға салды. Бұл күні ойын-сауық бағдарламасында 200-ге жуық оқушы қатысты. |














