Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар12653527
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8420 17782 112476 12290016 347692 367470 12653527 Сіздің IP: 3.238.130.41
Уақыт: 2024-03-29 17:26:39
|
Мың бұралып билеу үшін
Облыстық Оқушылар сарайы «Анастасия» спорттық-би клубының тәрбиеленушілері мен педагогтары Алматы қаласында жаз айында жыл сайын өтетін спорттық биден жиынға қатысты. Аталмыш жиын тамыз айының соныңда «Арман Дала» балалар сауықтыру лагерінің аумағында өткен болатын. Павлодарлық бапкерлер Виолетта Никитина, Анастасия Загорулько және клуб тәрбиеленушілері Адлет Жумангалиев, Рената Гильмиянова, Марина Демченко, Нурсултан Сарбаев, Асанали Шокпаров күн сайын спорттық биден сабақтарға барды. Педагогтар мен балалар үшін шеберлік-сабақтарды Ресейден келген бапкерлер Максим Елфимов, Евгения Чурикова, Константин Беленко, Алёна Кан жүргізді. - Бұл жиында біз көпке үйрендік, - дейді павлодарлық спорттық-би клубының бапкері Анастасия Загорулько, - жаңа би қозғалыстарын біліп алдық. Мен бапкер бола тұра, ресейлік әріптестерімнен көп сабақ алдым. Бұл сабақтар үшін әріптестеріме алғысым шексіз. Жаттығу жиынының бағдарламасында топтық, жеке сабақтар, йога, хореография және актерлік шеберлік те болды. |