Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21151093
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10464 13030 65533 20839683 76620 408197 21151093 Сіздің IP: 216.73.216.97
Уақыт: 2026-02-06 18:16:22
|
Жеті жеңіске жеткен және қарсыластарға мүмкіндік бермеген би тобы!
М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайы «Splash» және «Вдохновение» би студияларының тәрбиеленушілері «Бриз талантов» II-ші Халықаралық фестиваль-конкурсының жеңімпаздары атанды. Аталмыш фестиваль 14 қазан күні Павлодар қаласы «Колос» мәдени-сауықтыру орталығында өткен болатын.
Оқушылар сарайының бишілері өздерінің қарсыластарына мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жету үшін ең жарқын және ең қызықты би нөмірлерін көрсетті. «Вдохновение» үлгілі би ансамбілінің тәрбиеленушілері барша қауымға «Концерт на крыше» атты заманауи қойлымды көрсетіп және «Ехор» халық-сахыналық қойылымды паш етті. Бұл екі музыкалық нөмірлер өз номинациялары бойынша бас жүлдені жеңіп алды. «Splash» заманауи би студиясы бұл сайыста бес жүлдені қанжығасына байлады. «Толғау» және «Отражение» билері үшін бұл студия екі бірдей бірінші орынға жайғасты. «Танец на болоте» заманауи биі мен «Пингвины» хип-хоп стиліндегі билер өз номинацияларында ең үздік деп танылды. Бұл билер үшін ұжым бас жүлдені жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар медальдер мен кубокқа қол жеткізіп, ал «Splash» заманауи студиясының жетекшісі Ирина Можейкоға Біріккен Араб Әмірлігіне саяхатқа жолдама табысталды. |














