Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23186270
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6122 16794 40693 22877653 77696 322822 23186270 Сіздің IP: 216.73.216.251
Уақыт: 2026-08-05 09:29:05
|
«Шатыр үстіндегі концеттер» Оқушылар сарайының тәрбиеленушілеріне жеңіс әкеледі
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Splash» және «Вдохновение» атты екі бірдей ұжымы «Звёздный листопад» IV республикалық балалар жасөспірімдер мен ересектер шығармашылық конкурс – фестивалінде жеңімпаз атанды. Аталмыш конкурс «Шаңырақ» облыстық ұлттық шығармашылық және мәдени-сауықтыру орталығында өткен болатын.
Оқушылар сарайының ұжымдары кіші, орта және үлкен топтың құрамымен өнер көрсеткен болатын. «Вдохновения» ұжымының тәрбиеленушілері жетекшілері Галина Лапухинамен орта топ - «Шатыр үстіндегі концерт», үлкен топ – «Ёхор» билері үшін екі бірдей бас жүлдені ұтып алды. «Көңіл толқыны» мен «Испания» билері үшін орта және үлкен топтар бірінші орынға иеленді.
«Splash» заманауи студиясы өздерінің жетекшілері Ирина Можейкомен сайысқа төрт би дайындаған болатын. «Пингвины» биімен орта топ бірінші орынға жайғасты. Ал «Послание» биі үшін үлкен топтың қыздары өздерінің номинациялары бойынша бас жүлдені ұтып алды. Кіші топ сахына төрінде екі биді паш етті. «Танец на болоте» атты би үшін кішкентай бишілер бірінші орынға жайғасып, ал «Охотники за приведениями» биі бас жүлдені қоржындарына әкелді. |














