Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23440276
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13578 16378 29956 23122973 331702 322822 23440276 Сіздің IP: 216.73.216.61
Уақыт: 2026-08-18 15:28:52
|
Ғарыш көлемінде болған жаңа жыл
22 желтоқсан күні Павлодар қаласының «Ертіс» қонақжай кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шырша өтті. Оқушылар сарайының педагогтары мен тәрбиеленушілері бұл жаңа жылдық мерекеге белсенді қатысты.
Шыршаға қатысқан оқушылар үшін мереке ұйымдастырушылар «ғарыштық» қойылым қойып, кештің тақырыбын ғарыш саласына арнады. Жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Астана, Айсәуле, Төбет жұлдызы, Аяз-би келген балаларға жұлдызды аспанның құпияларын ашып, Астана кейіпкерінде келген сұлу бойжеткен қызды жиырма жылдық мерекесімен құттықтады.
Атап кетсек, мерекенің сценарийін Оқушылар сарайының педагогтары жазған болатын. Балалар үшін Оқушылар сарайының «Жас Дәурен», «Вдохновение», «Дебют», «Блэйз», «Свет Звезды», «Сплэш», «Арман-шоу», «Анастасия», «Айдарай», «Жұлдыздар» көркемөнер ұжымдары шығармашылықтарын ұсынды. Елбасы атынан шыршада 9 бен 13 жас аралығындағы 150-ден астам балғындар қатысты.
|














