Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24120306
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11239 10969 67231 23729737 431849 579883 24120306 Сіздің IP: 216.73.217.172
Уақыт: 2026-09-24 12:43:45
|
Жеңіске - диплом, өнерге - медаль
М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Анастасия» спорттық-би клубы «Би Бала» республикалық би конкурсында вальс билегені үшін бірінші орынға қол жеткізді. Павлодар қаласында «Би Бала» республикалық би конкурсы MEGA FESTIVAL.KZ фестиваль қозғалысы түрінде жыл сайын өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 3 жастан 35 жасқа дейінгі бишілер осымен төртінші рет би байқауына жиналып отыр. Бишілер байқауға заманауи билердің барлық түрлерін ұсынды: классикалық балеттен бастап көшеде билейтін вакинг билеріне дейін. Қалалық мәдениет сарайының сахнасында Виолетта Никитинаның жетекшілігімен «Анастасия» клубының сегіз би жұбы байқауға дайындаған «Анастасия» кинофильмінен алынған вен вальсін ұсынды. «Спорттық-балдық би» номинациясында ұжым бірінші дәрежелі дипломға қол жеткізіп, ал олардың бапкерлері Виолетта Никитина «Үздік хореограф» атты медальге ие болды. |














