Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18704306
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11055 10257 84187 18390438 127874 307313 18704306 Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-10 14:44:41
|
Фестивальдің таңғажайып қортындысы
Павлодар қаласының Оқушылар сарайы «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі «Чудо Востока» Халықаралық конкурсына қатысып лауреат атанды. Павлодарлық бишілер 23-26 наурыз аралығында өздерінің жетекшілері Галина Лапухина және Ирина Можейкомен Астана қаласына барып қайтты.
«Чудо Востока» V-ші балалар-жасөспірімдер шығармашылық конкурсы «Я могу!» атты санкт-петербурлық мәдени-білім беру жобасының аясында өткен болатын. Бұл жобаның фестивалі әлемнің тоғыз елдерінде өткен еді. Жыл сайын бұл жобаға 20000 адам қатысады. Бұл жылы Астана қаласында өткен Ресей мен Қазақстан елдерінен 300-ге жуық конкурсанттар қатысты. Павлодарлық ұжымның жоғарғы тобы «Заманауи би» мен «Ұлттық би» номинациялары бойынша 1 дәрежелі сыйлықтың иегері атанды. Ал ортанғы топ болса «Эстрадалық би» және «Ұлттық би» номинациялары бойынша 2 орын иегерлері атанды. Ал «Вдохновение» ансамбілінің ең кішкентай тобы «Эстрада биі» номинациясы бойынша 3-орынға қол жетізді. |