Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

18704408
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
11157
10257
84289
18390438
127976
307313
18704408

Сіздің IP: 216.73.216.237
Уақыт: 2025-08-10 14:56:13

«Блэйз» би байқауында бас жүлдеге ие болды!

«Блэйз» би байқауында бас жүлдеге ие болды! «Блэйз» би байқауында бас жүлдеге ие болды!
«Блэйз» би байқауында бас жүлдеге ие болды! «Блэйз» би байқауында бас жүлдеге ие болды!

Бүгін Павлодар облыстық М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Блэйз» эстрадалық үлгілі би студиясының қоржыны тағы да жаңа олжамен толықты. 2018 жылдың 16 - 26 маусым аралығында бұл тамаша би ұжымы Туапсе қаласында өткен «Хрустальный дельфин» халықаралық балалар мен жасөспірімдер конкурсында жеңіске қол жеткізді.

Туапсе қаласында Оқушылар сарайының дарынды тәрбиеленушілері Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Краснодар қаласынан қатысқан би ұжымдарының ішінен бас жүлдеге ие болды. «Эстрадалық би» номинациясы бойынша 8-12 жас аралығындағы «Тип-топ» кіші би студиясы 1-ші дәрежелі лауреат атанса, 7-10 жас аралығындағы осы ұжымның жас бишілері «балалар биі» номинациясы бойынша 2-ші дәрежелі дипломант атанды.

- «Блэйздің» жас бишілері аталмыш би додасына барған кезде ұйымдастырушылар дайындаған қызықты танымдық сайыстарға, дискотекаға, анимациялық ойындарға қатысып, сыйлықтар алып, Туапсе қаласының таулы жерлеріне саяхатқа шықты, - деп «Блэйз» студиясының жетекшісі Любовь Корнюхина өз ойымен бөлісті.

Түсініктемелер қосу