Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

ekran diktor kaz

KPLeto2 kaz

amanat kaz

gossimv 23 kaz 2

polojeniya 23 kaz 2

mindal kaz

raspisanie 26 27 kaz 1

proekt 23 kaz

BIRTUTAS TARBIE

bala time kaz2

map kz

antikor

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24713448
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13822
28270
42092
24448750
121561
375807
24713448

Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2026-11-10 12:15:30

«Свет звезды» үлгілі ән театры Халықаралық конкурста бас жүлдеге ие болды

Гран-при международного конкурса получил   Образцовый театр песни «Свет звезды» Гран-при международного конкурса получил Образцовый театр песни «Свет звезды»
Гран-при международного конкурса получил   Образцовый театр песни «Свет звезды» Гран-при международного конкурса получил Образцовый театр песни «Свет звезды»

Облыстық Оқушылар сарайының «Свет звезды» үлгілі ән театры Мәскеу қаласында 2019 жылдың 6 қаңтарында өткен «Рождественские звёзды» атты Халықаралық жаңа жылдық фестиваль конкурсына қатысқан болатын.

Аталмыш фестивальге Польша, Израил, Абхазия,  Беларусия, Шри-Ланка, Қазақстан Республикаларынан ұжымдар қатысып, сондай-ақ Ресей мемлекетінің  60-тан аса қалаларынан қатысушылар жиналды.

Гран-при международного конкурса получил   Образцовый театр песни «Свет звезды» Гран-при международного конкурса получил Образцовый театр песни «Свет звезды»
Гран-при международного конкурса получил   Образцовый театр песни «Свет звезды» Гран-при международного конкурса получил Образцовый театр песни «Свет звезды»

Біздің ұжым фестиваль Дипломы және Кубогына қол жеткізді. «Рождественские звёзды» фестивалінде театр әншілері Тамила Рахимбаева және Дарья Иванченко «I'm in Love with a Monster» атты әнді орындап бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар конкурста 1-ші орынды Медина Күмісбек және Мария Варламова иеленді. Медина Шәмші Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» әнің орындап, ал Мария «Калинка-малинка» деген орыс халық әнің орындап берді.
«Свет звезды» ән театрының «Super LIKE» тобының ең кішкентай жұлдыздары мәскеулік сахынада алғаш рет өнер көрсетіп 2-ші орынға қол жеткізді. Олар балаларға арналған поппури орындады. Жас таланттар Оқушылар сарайында өнермен 4 жасынан бастап айналысып келеді.

«Свет звезды» үлгілі ән театрының жетекшісі Елена Валькоға конкурсқа ұсынылған шығармашылық жұмысының кәсібилігі мен жоғары көркемдік деңгейін растайтын сертификат берілді.

Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаеваға «Жизнь городов» фестиваль комитеті атынан алғыс хат табысталып, «Свет звезды» үлгілі ән театрының конкурсқа қатысу үшін ұйымдастырған жұмысы үшін шексіз алғыс айтылды.

Фестиваль қатысушыларын Ресей Федерациясының мәдениет министрі В.Р. Мединский, әншілер Полина Гагарина және Ани Лорак, сондай-ақ ресейлік теле жүргізуші Оксана Федорова қарсы алды.

Фестиваль-форумның шеңберінде барлық қатысушылар Кремель шыршасына, Мәскеу циркіне, роллердром, хайуанаттар бағына барып, мерекелік жаңа жылдық Мәскеу бойынша қыдырды.

Елена Валько, «Свет звезды» үлгілі ән театрының жетекшісінің айтуы бойынша:

- Шығармашылық балалар форумы өте қызық, танымдық болып өтті. Бұл шара мыңдаған балалардың тағдырына керемет маңызды оқиға болып қалады. Еңбегі сіңген мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері жас ұрпаққа өздерінің шеберлігімен, таланттарымен бөлісті. Ұйымдастырушылар балаларды жаңажылдық ертегі әлеміне бөлеп, мерекелік көңіл-күй сыйлай білді.

Түсініктемелер қосу