Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17490055
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 877 23967 122961 17154813 410006 426494 17490055 Сіздің IP: 3.145.79.94
Уақыт: 2025-04-26 04:30:56
|
Облысымыздың ең үздік әншілері «Әнші балақай» конкурсында бас қосты
2019 жылдың 15 ақпан күні М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Әнші балақай – 2019» облыстық ән конкурсының финалы өтті. Аталмыш жоба Қазақстан республикасының Композиторлар Одағының 80-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып, «Жаңа жұлдыз» облыстық вокалдық шеберлік жобасы конкурсының аясында өткен болатын.
Аталмыш ән сайысына 5 тен 10 жас аралығындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің және облысымыздың жалпы білім беру мектептерінің бастауыш сынып оқушылары, аудандық, қалалық вокал конкурстарының жеңімпаздары қатысты. 30 қаңтар күні іріктеу кезеңі өткен болатын. Бұл күні 134 қатысушы қатысқан болатын. Финалға 34 адам өткен болатын. Екібастұз қаласы «Кайнар» орталығының оқушысы Армангуль Нурлыбекова бас жүлдені жеңіп алды. Іс-шараның соныңда салтанатты марапаттау мен гала-концерт өтті. Жеңімпаздар диплом, кубоктармен және естелікке сыйлыққа ие болды. Жеңімпаз дайындаған ұстаздар алғыс хатпен марапатталды. |