Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12852408
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6845
19617
31081
12623686
170861
375712
12852408

Сіздің IP: 18.117.182.179
Уақыт: 2024-04-24 12:06:26

Жарайсыңдар, жас актерлер!

Браво юным актерам! Браво юным актерам!
Браво юным актерам! Браво юным актерам!

27 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қазақ театрынын сыншысы Жүсіпбек Аймауытовтың 130 жылдық мерейтойына арналған театр өнерінің «Театрдың ғажайып әлемі - 2019» Республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті.

Браво юным актерам! Браво юным актерам!
Браво юным актерам! Браво юным актерам!

Байқауға облыстың жалпы орта және балаларға қосымша білім беру ұйымдарының балалар театр ұжымдары келесі номинациялар бойынша өнер көрсетті: «Драмалық спектакль», «Музыкалық спектакль», «Әдеби-музыкалық композиция», «Қуыршақ театры».

Жас актерлердің сахыналық қойылымын Ж.Аймаутов атындағы театрға еңбегі сіңген актерлері «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Жұмахан Доспаев, Қазақстан Республикасының Президенті сыйлығының Лауреаты Құралай Мусанова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Гүлжанат Омарова баға берді.

Конкурстың бас жүлдесін Баянауыл ауданы Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернатының ұжымы ұтып алды. Жас актерлер үлкен залдың сахына төрінде М.Әуезовтың «Көксерек» повесінің желісі бойынша драмалық спектакльді сомдаған болатын.

Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталды:
«Үздік сахналық костюм» - Павлодар қаласының №35 ЖОМ.
«Үздік образ сомдаушы» - Ертай Ботагөз, Ақтоғай өнер мектебі.
«Үздік әйел ролі» - Шараманова София, облыстық Оқушылар сарайының
«Калейдоскоп» театр студиясы.
«Үздік еркек ролі» - Мұратбек Мадияр, Ақсу қаласының шығармашылық Үйі.
«Екінші қатардағы үздік роль» - Құсайын Қарлыға, Баянауыл ауданы Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернаты.
«Үздік хореография» - Баянауыл ауданы Шәкен Айманов атындағы мектеп-интернаты.
«Көркем сөз» - Павлодар қаласы № 20 мектеп-лицейі.
«Үздік орындау шеберлігі» - Арина Агаева, Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы.

- Бұл конкурстың басты мақсаты балалар театр шығармашылығын дамыту. Бүгін бас жүлдеге қол жеткізген ұжым 2019 жылдың 25-26 наурыз аралығында Атырау қаласында өтетін Республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайды.

Итоги конкурса

Түсініктемелер қосу