Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24713444
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13818 28270 42088 24448750 121557 375807 24713444 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2026-11-10 12:15:23
|
«Жайдарлы Жас Ұлан» ойынының жартылай финалы өтті
Облысымыздың ең көңілді жастары ағымдағы жылдың 4 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жайдарлы Жас Ұлан» Жайдарман ойынының жартылай финалында кездесті. Өңіріміздің түкпір-түкпірінен топ жарған 24-тен астам команда бақ сынасты.
Әзілкештердің өнеріне «Нархоз» КВН командасының жетекшісі Михаил Дубовцов, «Жас Ұлан» кубогінің иегері, «ЖЫМИ» КВН командасының мүшесі Еламан Қабидолла, жасөсіпірімдер командаларының облыстық тренері Базыл Утилов, «Казаностра» командасының капитаны Елжас Ерболат, «Амплуа» театр-студиясының жетекшісі Жақсыбек Ешимкулов қазылық етті.
Әзіл әлеміне енді жол тартқан жас командалар тек қана алға ұмтылуды көздегені байқалады. Мектеп оқушылары сахналық әзілдерімен көрермен мен әділқазылар алқасына түйдек ойлар тастап қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Қоржындарына үздік әзділдерді жинап әкелген ең тапқыр 13 команда финалға өтті. Олардың қатарында Ертіс, Шарбақты аудандары, Заря ЖОМ,Чернорецк ЖОМ, Теренкөл ЖОМ, Жетекші ЖОМ сонымен қатар қаламыздың Жас Дарын, №№ 2, 35, 31, 17, 43, 19 ЖОМ болды. |














