Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12787894
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3712
4254
7966
12574557
106347
375712
12787894

Сіздің IP: 18.119.17.207
Уақыт: 2024-04-16 16:09:48

«Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсы

«Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсы «Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсы
«Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсы «Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсы

2020 жылдың 14 ақпан күні Облыстық Оқушылар сарайында Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Жаңа жұлдыз» конкурс жобасы шеңберіндегі «Baqytty bala – 2020» вокал шеберлігінің облыстық конкурсы өтті.

Конкурсқа облысымыздың мектептен тыс мекемелерінің тәрбиеленушілері, жалпы білім беру мектептерінің орта және жоғары сынып оқушылары, 10-17 жасқа дейінгі аудандық, қалалық вокал конкурстарының жеңімпаздары қатысты. Конкурс қатысушылары Ұлы Отан соғысына арналған әндерді орындап өздерінің вокалдық шеберліктерін ортаға салды.

Конкурстың басты мақсаты талантты балаларды анықтап, олардың ән өнеріне деген қызығушылықтарын көтеру, көркемдік талғамдарын қалыптастырып, өскелең ұрпақты мәдени құндылықтарға тәрбиелеу. Қатысушылар конкурстың бірінші кезеңінде екі әртүрлі ән айтса, екінші кезеңде Ұлы Отан соғысына арналған әндерді орындады. Қазылар алқасы қатысушылардың вокалдық шеберлігін, сахыналық бейнесін, репертуардың әр түрлілігін бағалады.

Конкурс қортындысы бойынша бірінші орынды №9 гимназия мектебінің оқушысы Алиса Козолуп, №16 мектеп лицейінің оқушысы Дарья Старина, №8 мектеп лицейінің оқушысы Александра Литвиненко бөліп алды.

№16 мектеп лицейінің оқушысы Левченко Леонид «Смуглянка» әнімен қазылар алқасын таң қалдырды. Леонид бас жүлдеге ие болды.

«Baqytty bala – 2020» облыстық конкурсының барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Түсініктемелер қосу