Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12812940
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2575
7542
33012
12574557
131393
375712
12812940

Сіздің IP: 3.137.172.68
Уақыт: 2024-04-20 09:06:18

Оқушылар сарайында практикалық вебинар өтті

Практический вебинар прошел во Дворце школьников Практический вебинар прошел во Дворце школьников
Практический вебинар прошел во Дворце школьников Практический вебинар прошел во Дворце школьников

2020 жылдың 15 қазан күні «Білім беруді жаңғырту жағдайында педагогикалық шеберлік оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамытудың факторы» атты вебинар өтті. Іс-шараға облысымыздың білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық педагогтар мен әдіскерлер қатысты.

Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. «Қаламгер» студиясының жетекшісі Асем Аипова «Медиабілімді оқу-тәрбие үдерісіне біріктіру» атты тақырыпта сөз қозғады. «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Елена Каркавина қашықтықтан оқыту кезеңіндегі жұмыстың жаңа бөлімдері мен техникалары туралы баяндап берді. «Домбыра үйретудің алғашқы сабақтары» тақырыбында «Мұрагер» домбыра үйірмесінің жетекшісі Алтын Кенжиханова сөз алды.

«Жобалық-шығармашылық қызметті жүзеге асыру үшін интернет платформасының мүмкіндіктері» жайлы «Basic design» IТ үйірмесінің жетекшісі Павел Сербиненко баяндама жасады. Техникалық шеберлік конкурсына қатысушыларды әдістемелік қолдау жайлы «Антарес» астрономдар клубының жетекшісі Гульнара Баубекова айтып берді. «Білімпаз» студиясының жетекшілері Альмира Айтмуханова және Бейбигуль Рспаева «Қосымша білім беру жағдайында ТРИЗ-ды қолдану» тақырыбында мол мағлұмат берді.

Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімнің жетекшісі Бағлан Ашенова вебинардың қортындысын шығарып педагогтарды ынтымақтастықта жұмыс жасауға шақырды.

Түсініктемелер қосу