Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22764211
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4551 8297 65530 22466639 249027 338951 22764211 Сіздің IP: 216.73.216.223
Уақыт: 2026-06-28 11:45:00
|
Театр студияларының жетекшілері іс-тәжірибесімен бөлісті
2021 жылдың 28 сәуір күні «Мектеп жасына дейінгі оқушылардың актерлік шеберліктерін дамыту» тақырыбында облыстық онлайн вебинары өтті. Вебинарға облысымыздың мектепке дейінгі, жалпы білім беру мектептерінен және қосымша білім беру мекемелерінен 52 театр ұжымдары қатысты. А.С Бекбулатова сахналық қойылымның музыкалық әрлеуі туралы сөз етіп, музыканың пьесаның сахналауында негізгі ойды аша білетіні жайлы баяндады. Бұл жерде әрбір режиссердің жеке шығармашылық қабілеті шыңдалады. Ж.К. Калтаева театр ұжымдарындағы техникалық қауіпсіздік туралы айтып берді. Ж.М Ешимкулов сценография жайлы және спектакльдің қоюшы режиссері ретінде басты бағыттарымен таныстырып өтті. А.А. Балтабаева бастаушы сценаристерге ұсыныстар беріп, кішкентай балалармен шеберлік сыныбын көрсетті. М.Е. Билая актерлік шеберлік бойынша сабақ көрсетті. Мұғалімдер оқушылармен бірге зейінді дамытуға арналған жаттығуларды талдады. Вебинарға қатысушыларға «Калейдоскоп» театр студиясының қойылымынан үзіндіні тамашалады. |














