Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24117078
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8011 10969 64003 23729737 428621 579883 24117078 Сіздің IP: 216.73.217.172
Уақыт: 2026-09-24 08:48:48
|
Тәуелсіздік – шабытымның қанаты
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін тойлау аясында желтоқсанның 12 жұлдызында М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен облыстық «Халық мұрасы» сайыс – фестивалі өткізіледі. Фестивальдің І кезеңінде Павлодар мен Екібастұз қалаларының жалпы орта білім беру мектептері, қосымша білім беру ұйымдарының аспаптық балалар ұжымдары қатысады. Шара жас дарындарды анықтауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық мәдениетті насихаттауға, балалардың қазақ халқының музыкасына қызығушылы мен сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу мақсатымен өткізіліп отыр. Көрермендер атақты қазақ сазгерлері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпеисова, Қазанғап пен қазіргі композиторлар шығармаларын тамашалай алады. Ереже бойынша ұлттық жоба жыл бойы өтеді - екінші, үшінші кезеңдер ақпан, сәуір айларында өтеді. Ал маусым айында жеңімпаздардың қатысуымен Гала-концерт және салтанатты марапаттау өтеді.
|














