Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654824
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9717
17782
113773
12290016
348989
367470
12654824

Сіздің IP: 3.239.206.191
Уақыт: 2024-03-29 20:42:32

«Сыңғырла аспабым!» отбасылық ансамбльдер конкурсы

Конкурс семейных ансамблей «Сыңғырла аспабым!» Конкурс семейных ансамблей «Сыңғырла аспабым!»
Конкурс семейных ансамблей «Сыңғырла аспабым!» Конкурс семейных ансамблей «Сыңғырла аспабым!»

2022 жылдың 28 қаңтар күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының 30-жылдығына арналған қашықтық форматта «Сыңғырла аспабым!» отбасылық ансамбльдер байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту, отбасылық музыкалық дәстүрлерді жаңғыртып сақтау.  Ансамбльде өнер көрсет арқылы  балалар мен ата-аналарға бір-бірін жақсы түсінуге мүмкіндік алады. Бірлескен мерекелер мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарының өзара қарым-қатынасында жылы атмосфера мен сенім тудырады.
Биылғы жылы байқауда 16 отбасылық ансамбілі келесі номинациялар бойынша бақтарын сынады:  «Аспаптық ансамблі»; «Вокал ансамблі»; «Вокалдық-аспап ансамблі».
Қазылар алқасының құрамына: Кайшанов Нұрлан Бахытович -   Кұрмангазы ат. №1 ББМ-нің басшының орынбасары; Сарсебеков Батырбек Жаксылыкович – «Жеңеш -Ай» эстрадалық дуетінің әншісі, «Жігер» БЖК «Жезтаңдай»   балалар вокал студиясының жетекшісі; Райымбеков Куаныш Егеубаевич – Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогі,  «Мұрагер» домбыра ұжымының аккомпаниаторы; Иманбекова Галия Майдановна – М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының кәсіби білім беру бойынша басшының орынбасары.  

Конкурс бойынша жеңімпаздар атанған:

«Аспаптық ансамбль»  номинациясы бойынша;
1 орын – Баянауыл ауданы, Ш.Айманов ат. мектеп-интернаты, «Ақ көгершін» ансамбілі, Н.Тлендиевтің «Әлқиса» шығармасы.  
2 орын – Павлодар қ, дарынды балаларға арналған  музыкалық колледж – музыкалық мектеп-интернаты», Баронча отбасы,  Д.Г.Тюрктің  «Сонатина» шығармасы, үш бөлімі;
2 орын – Павлодар қ, «№20 мектеп-лицейі»,  «Шабыт» ансамбілі,  Құрманғазының «Балбырауын» күйі;
3 орын – «Ақтоғай балалар өнер мектебі», Үкібаевтар отбасы, «Жастар биі» халық күй;
3 орын – «Аудандық оқушылар үйі» «Өнер» Көктөбе ауданының отбасы  ансамблі,  «Еркем-ай» халық әні.

«Вокал ансамблі» номинациясы

1 орын - «Жалтыр орта жалпы білім беру мектебі», Май ауданы, Кентүбек ауылы - «Гүлдер» вокал ансамблі,  «Аққу -Арман» шығармасы;
1 орын – Мүткенов ат. ЖОББМ, Ақтоғай ауданы,  «Жас қанат» квартеті, «Туған елім-Ақтоғай» шығармасы;
2 орын - Байгабыл Жылкыбаев ат. балалар өнер мектебі, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Олжабай отбасының дуэті, «Жанымда бол» әні;
3 орын -  Балалар өнер мектебі,  Павлодар ауданы, Сычевка ауылы, Сергеевтер отбасының триосы,  «Менің Отаным  - Қазақстан» әнімен;
3 орын – Павлодар қ, № 14 ЖОББМ, «Балапаным-ай» әніне жазылған бейнебаян.  

«Вокалдық – аспаптық ансамбль»номинациясы

1 орын  - Баянауыл ауданы, Ш. Айманов ат. ЖОББМ интернаты, «Сырлы әуен» отбасылық ансамбілі, «Туған жер» шығармасы.
1 орын –  Павлодар ауданы, Кемеңгер ЖОББМ, Заря филиалы, «Ақ көгершін» отбасылық ансамбілі.
2 орын  - Павлодар қ, № 20 мектеп-интернаты, «Шабыт» дуэті, Құрманғазы «Балбырауын» күйі.
2 орын – Павлодар қ, М. Алимбаев ат. ЖОББМ, «Ахау керім» халық әнімен триосы.
3 орын – Ақтоғай балалар өнер мектебі, Камалиденовтар отбасы, «Гүлдерайым» халық әні;
3 место – Павлодар қ, химия-биология бағытындағы НЗМ,  «Дыхание» шығармасымен «Тенгри танцы» триосы.


Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.

Түсініктемелер қосу