Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12913358
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
10257
24442
92031
12623686
231811
375712
12913358

Сіздің IP: 52.15.63.145
Уақыт: 2024-04-28 10:09:20

«Тәуелсіз елдің ұландары» мерекелік концерт

 «Тәуелсіз елдің ұландары» мерекелік концерт

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2013 жылдың 13 желтоқсанында Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарлама өткізілді. Бұл күні Оқушылар сарайының Үлкен залында Павлодар облысының «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің 405 оқушысы қатысты.Концерт «Қазақстан - балалардың көзімен» бейнеролигінің қолдануымен өтті.

 «Тәуелсіз елдің ұландары» мерекелік концерт

Концерт «Жас ұландардың» әдеби-музыкалық композициясымен ашылды. Шарада М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының  үздік ұжымдары өнер көрсетті.  Жас ұландардың жүрегіне халықаралық конкурстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары болып табылатын «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы, «Дебют» авторлық студияларының өнері ұмытылмас әсер қалдырды. «Арман шоу» театр студиясы, «Свет звезды» үлгілі ән театры, «Жас дәурен» вокалдық ұжымы, «Музыкальный квартал» ән студиясы және «Нежность» хореографиялық студиялары жарқын өнерімен көзге түсті. «Свет звезды» үлгілі ән театрының ең кішкентай қатысушылары «Шалунишки» тобының «Әрқашан күн сөнбесін» әнін көрермендер өте жылы қарсы алды. Бағдарламаға 100-ден астам дарын иелері қатысты. Мерекелік шара «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының  гимнімен аяқталды.

Түсініктемелер қосу