Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12961463
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1246
8471
33444
12665085
14261
265655
12961463

Сіздің IP: 3.145.63.136
Уақыт: 2024-05-03 05:44:10

«Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер фестивалі

 

Фестиваль детско-юношеского творчества «Бастау Fest» Фестиваль детско-юношеского творчества «Бастау Fest»
Фестиваль детско-юношеского творчества «Бастау Fest» Фестиваль детско-юношеского творчества «Бастау Fest»

2023 жылдың 15 желтоқсан күні М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайында Павлодар облысында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен колледж студенттері арасында «Бастау Fest» балалар – жасөспірімдер шығармашылығының облыстық жоба-фестивалі жұмысы өз  мәресіне жетті.

Фестиваль детско-юношеского творчества «Бастау Fest» Фестиваль детско-юношеского творчества «Бастау Fest» 

«Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі екі бағытты қамтиды:
-облыс мектептерінің оқушылары үшін – «Жас өркен» балалар шығармашылығы фестивалі.  
-облыс колледждерінің студенттері үшін – «Өрен» студент жастардың шығармашылық фестивалі.
15 желтоқсанда «Бастау Fest» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі аясында барлық облыстық байқаулардың педагогтары мен жетекшілерін марапаттау рәсімімен гала – концерт өтті.
Гала-концертке көрме қойылымдары мен оқушылар Сарайының шығармашылық ұжымдары қатысты. Фестиваль және марапаттау рәсімі келесі номинациялар бойынша өткізілді:
«Алтын  микрофон» вокал шеберлігінің конкурсы;   
«Ғажайып жұлдыздар» би конкурсы;
«Күй шебері» шебер күйші;
«Театр – Шығармашылық – Талант» театр өнерінің конкурсы;
«RekGo» медиажобалардың конкурсы;
«Open Mic» Stand Up конкурсы;
«Прогрессив - FOLK» конкрусы (кез келген музыкалық аспапта ойнау);
«Пабликино» әлеуметтік роликтер конкурсы.
-Жобаны іске асыру мерзімі 2023 жылғы сәуір – желтоқсан айлар аралығында өтті. Жалпы жобаға 500-ден астам облыс оқушылары қатысты. Фестивальдің мақсаты оқушылар мен жастардың сабақтан тыс жұмыстарда жұмыспен қамтылуына жағдай жасау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, шығармашылық әлеует пен орындаушылық шеберлікті қолдау және дамыту болып табылады, - деді көркем тәрбие беру бөлімінің меңгерушісі Жанар Калтаева.

 

Түсініктемелер қосу