Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24117410
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8343 10969 64335 23729737 428953 579883 24117410 Сіздің IP: 216.73.217.172
Уақыт: 2026-09-24 09:05:06
|
«Халық мұрасы» облыстық фестиваль –сайысының соңғы кезеңі өтті
2014 ж. 19 ақпанында Оқушылар сарайы көркемдік бөлімінің ұйымдастыруымен «Халық мұрасы» облыстық фестиваль – сайысының соңғы кезеңі өтті. Фестивальға 8 ұжым қатысты, олардың ішінде №4 ЖОМ-нің «Домбыра дастан» ансамблі, №19 мектебінің «Мұрагер», «Көңіл ашар» ұжымдары, №25 мектептің «Домбыра сазы» ансамблі, «Жас дарын» мектебінің «Мұрагер» ансамблі, №40 ЖОМ-нің «Жас толқын» тобы, Кенжекөл мектебінің «Балауса» ұжымы, Қ.Б. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің «Достық» домбыра ансамблі. Қазылар алқасы құрамына Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінің ұстаздары мен Оқушылар сарайының қосымша білім беру педагогтары кірді. Қатысушы ұжымдар екі шығарма орындап шықты. Ансамбль репертуарларында Тәттімбеттің, Құрманғазының, А. Райымбергеновтың, А. Желдібаевтің, С. Тұрысбековтың күйлері және халық күйлері болды. Фестиваль қорытындысы бойынша 1 орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің «Мұрагер» ансамблі иеленді. 2 орынды екі ұжым бөліп алды, олар Кенжекөл мектебінің «Балауса» ұжымы және №4 ЖОМ-нің «Домбыра дастан» ансамблі, 3 орынға Қ.Б. Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің «Достық» домбыра ансамблі мен №25 мектептің «Домбыра сазы» ансамблі ие болды. Жалпы фестивальға қатысушылардың саны 360 адам болды. |














