Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12861119
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1366
4587
39792
12623686
179572
375712
12861119

Сіздің IP: 3.133.161.153
Уақыт: 2024-04-26 04:39:42

Эстетикалық және техникалық бағыттағы сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерінің облыстық семинары

Эстетикалық және техникалық бағыттағы сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерінің облыстық семинары Эстетикалық және техникалық бағыттағы сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерінің облыстық семинары

2014 жылғы 21 ақпанда облыстық Оқушылар сарайында сынып жетекшілері, технология және бейнелеу өнері мұғалімдері, сонымен қатар балалар сәндік-қолданбалы шығармашылық пен бейнелеу өнері ұжымдарына жетекшілік ететін қосымша білім беру педагогтеріне арналған облыстық оқу семинары өткізілді. Семинарға облысымыздың барлық қалалары мен аудандарының 135 өкілі қатысты. Білім беру және тәрбие жұмысының заманауи тұжырымдамасы және жаңарту тұрғысынан «Балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастырудың формалары» деп аталатын семинар тақырыбы өте өзекті десе болады.

Семинарда сынып жетекшілері, техникалық бағыттағы бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық секциялар жұмыс істеді.

Сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерін көркемдік тәрбие бөлімінің қызметкерлері біріктірді (71 қатысушы) Келесідей тақырыптар ашылды: «Жасөспірімдердің мәдени - бос уақытын қамту жұмысын ұйымдастырудың түрлері», Асаубаева С. Қ., «Бос уақытты қамту педагогикасының әдістері»,«Ойын бос уақытты қамтудың түрі» - Қалтаева Ж. Қ., «Сабақтан тыс бос уақыт» - Бекболатова А. С., практика жүзінде «Мәдени-бос уақытты қамту бағдарламаларының ерекшеліктерін» педагог – ұйымдастырушы Заирова Б. Қ көрсетті.

Семинарға аудандық білім беру бөлімдерінің техникалық бағыттағы 29 маманы қатысты (Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты, Павлодар, Қашыр, Май, Баянауыл және Железинка аудандары, Екібастұз қ.). Семинарға ғылым және техника бөлімінің педагогтері сөз сейледі. Олардың тақырыптары : «Әуестенуден кәсіпке көшу», Даирбаев Д. Б., «Луч» шығармашылық бірлестіктің жетекшісі, «Техникалық үйірмені ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар», Вазиянов Евгений. Шебер-сабақтар өткізілді «М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының«Луч» шығармашылық бірлестігі үлгісінде техникалық үйірмелердің заманауи жұмыс технология», Д.Б.Даи В.О.Гречанова, «Объектив» үйірмесінің жетекшісі.

Эстетикалық және техникалық бағыттағы сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерінің облыстық семинары Эстетикалық және техникалық бағыттағы сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерінің облыстық семинары

Бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық секция жұмысына Баянауыл, Май, Железинка, Ақтоғай, Қашыр, Ертіс, Шарбақты, Успенка және Павлодар аудандары, сол сияқты Екібастұз, Павлодар және Ақсу қалаларынан 35 педагог қатысты. Семинар бағдарламасына бүгінгі таңда өзекті болып табылатын мынадай тақырыптыр енгізілді: «Бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық сабақтарында дәстүрлі емес техникалар мен тәсілдерді қолданудың ерекшеліктері».

Семинарға келген педагогтер әріптестері облыстық Оқушылар сарайының эстетикалық тәрбие бөлімінің педагогтерінің шебер-сабақтарына үлкен ықыласпен қатысты:
–«Қағаз бен матамен жұмыста дәстүрлі емес квиллинг техникасын қолданудың ерекшеліктері». («Палитра» бейнелеу өнері студиясының жетекшісі Дмитриева В. А. және «Креатив» дизайн - студиясының жетекшісі Сыздыкова Л.);
Суық батик» техникасында бейнелеу және сәндік жұмыстарды орындаудың технологиясы. («Алиса» бейнелеу студиясының жетекшісі Погребнюк А. Н.);
«Майлы монотипия техникасында қазақ ұлттық нақыш стилінде сәнді натюрморт жасау».( «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Каркавина Е. А.)

Эстетикалық және техникалық бағыттағы сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерінің облыстық семинары Эстетикалық және техникалық бағыттағы сынып жетекшілері мен қосымша білім беру педагогтерінің облыстық семинары

Семинар жұмысының барысында барлық қатысушылар белсенділік танытты, көтерілген мәселелерді қызу талдады, өздері мен оқушыларына қажетті жаңа нәрселер үйренді. Оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын қолданып заманауи шебер-сабақтарға қатысудың арқасында алған білімдерін практикада қолдана білді. Семинардан соң педагогтер әдістемелік кабинетте жұмыс істеуге мүмкіндік алды.Мұнда олар пайдалы тәжірибелерімен бөлісті, бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық бойынша жинақталған әдістемелік материалдармен танысты және өздерінің электронды портфолиоларын бос уақытты қызықты және пайдалы ұйымдастыру бойынша жаңа әзірлемелермен толықтырды.

Басқа қосымша білім беру ұйымдарынан семинарға қатысқан әріптестеріміз осындай семинарларды жиі өткізу қажеттігін айтты. Сонымен бірге семинар қатысушылары келесідей тақырып төңірегінде көбірек білгісі келеді: өнердегі жаңалықтар, балалар психологиясы,қосымша білім беру педагогінің құжаттары, тұрғылықты жер бойынша клубтардың жұмысы туралы. Педагогтердің айтуынша, оларға әріптестерінің шытыра моншақ, қағазпластикасы, түрлі-түсті саздан мүсіндеу, құмыра жасау басқа да сәндік-қолданбалы шығармашылықтың кең тараған түрлері, жүннен киіз жасау өте қызықтырған көрінеді. Педагогтерді ең қызықтырған балаларды үйірмеге тартудың тиімді тәсілдері және дарынды балалармен жұмыстың түрлері, жоғары сынып оқушыларын сәндік-қолданбалы шығармашылыққа қызықтырудың және дамытудың әдістері, қосымша білім беру педагогінің жұмысын жетелдіру жолдары және басқа да көптеген мәселелер. Оқыту үшін әуелі өзін үздіксіз оқуын қажет.

Түсініктемелер қосу