Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22606587
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5251 6125 42069 22358942 91403 338951 22606587 Сіздің IP: 216.73.216.205
Уақыт: 2026-06-13 18:43:15
|
Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы күні аталып өтті
22 қазан күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының күніне орай "Гүлдене бер, қазақ елі!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл ерекше шараға 400-ден астам мектеп оқушылары, ардагерлер, ұстаздар және қала қонақтары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін атап өту және жас ұрпаққа отансүйгіштік пен ел тарихына деген құрметті насихаттау.
Концерт аясында Оқушылар сарайының көркемөнер ұжымдары өз өнерлерін ортаға салып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қонақтар арасында болған ардагерлер мен ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді. Концерттік бағдарламада жас өнерпаздар ән айтып, би биледі.
|
















