«Күй шебері – 2026» байқауы
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
«Күй шебері – 2026»
|
«Күй шебері – 2026»
|
2026 жылғы 17 ақпанда М. М. Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында облыстық домбыра ансамбльдерінің «Күй шебері – 2026» байқауы өтті.
2014 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан өнер додасы биыл да жас домбырашылардың шеберлігін шыңдап, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін айшықтай түсті. Сахна төрінде күмбірлеген күй көрерменге ерекше рухани әсер сыйлап, қазақтың бай музыкалық мұрасын ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды.
Байқауға облыстың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының домбыра ансамбльдері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылар ұлттық нақыштағы шығармаларды орындап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.
«Күй шебері» байқауы он жылдан астам уақыт бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, өңірдегі жас домбырашылардың өнерін шыңдайтын маңызды мәдени алаңға айналып келеді.
«Күй шебері – 2026» облыстық байқауының қорытындысы
Гран-при
Павлодар қаласының «Қос ішек» ансамблі
«Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты»
I орын
Павлодар қаласының «Мұрагер» ансамблі
М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы
Жетекшісі: Сәрсебеков Батырбек Жақсылықович
II орын
Ақсу қаласы Балалар шығармашылық үйі
Жетекшісі: Уәлиев Қуанышбек Жалелович
Павлодар қаласы Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі
Жетекшісі: Орынбаев Алмат Жасқайратұлы
III орын
«Достық» ансамблі
Қ. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі
Жетекшісі: Апушева Әлия Әбішевна
Ақтоғай ауданы Нығманов атындағы орта мектебі
Жетекшісі: Қожмағанбетов Азамат Оразбекович
Павлодар қаласының №48 жалпы орта білім беру мектебі
«Өнеге» домбыра ансамблі
Жетекшісі: Солтанова Гүлжанат Сәрсенбаевна
Павлодар ауданы Луганск жалпы орта білім беру мектебі
Жетекшісі: Баймағамбаева Светлана Табысовна
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Түсініктемелер қосу