ТАЛАНТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САХНАДАҒЫ ТРИУМФІ!
- Подробности
-
Категория: Көркемдік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Триумф таланта и творчества на международной сцене!
|
Триумф таланта и творчества на международной сцене!
|
2026 жылғы 6–7 қарашада Астана қаласында халықаралық шығармашылық байқауларды ұйымдастыру саласындағы әлемдік көшбасшы – Испанияның Fiestalonia Milenio ұйымы ұйымдастырған Fiestalonia Kazakhstan халықаралық байқауы өтті.
Ауқымды шығармашылық дода әлемнің әртүрлі елдерінен келген дарынды қатысушыларды бір сахнаға жинап, өнерлерін ортаға салуға, шығармашылық тәжірибе алмасуға, түрлі халықтардың мәдениетімен танысуға және беделді халықаралық байқаулардың бірі – Гран-при жүлдесі үшін бақ сынауға мүмкіндік берді.
Байқауда Павлодар қаласы мен М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының намысын екі шығармашылық ұжым – «Жұлдыздар» үлгілі ән театры және «Жұлдыздар» заманауи би студиясы абыроймен қорғады.
Байқаудың маңыздылығын Италия, Испания, Швейцария, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания және Еуропаның басқа да елдерінен келген өнер қайраткерлері мен білікті мамандардан құралған халықаралық қазылар алқасының жоғары кәсіби деңгейі арттыра түсті.
Байқау қорытындысы бойынша «Жұлдыздар» үлгілі ән театрының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
І орын лауреаттары:
• Жукина Айлана – «I See Red» әні;
• Евтодиенко Лев – «Sous le ciel de Paris» әні;
• Рудницкий Климентий – «Miracle» әні;
• Ахметова Айлин – «The Winner Takes It All» әні;
• Жукина Айлана мен Рудницкий Климентий дуэті – «Shallow» әні.
«Жұлдыздар» заманауи би студиясы да көрермендер мен қазылар алқасын әртістік шеберлігімен, жігерлі өнерімен және ерекше хореографиялық қойылымдарымен тәнті етті.
«Жұлдыздар» заманауи би студиясының нәтижелері:
• Ересектер тобы – «Афроритмы» биі – ІІ орын;
• Ортаңғы топ – «Однажды в пчелином мире» биі – ІІ орын;
• Ортаңғы топ – «Ретро вайб» биі – І орын.
Халықаралық байқау комиссиясының WCC ережелеріне сәйкес, барлық шығармашылық ұжымдар мен қатысушыларға Испания өкілдігінде тіркелген жеке нөмірі бар дипломдар табысталады. Жас өнерпаздар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталса, педагогтер мен ұжым жетекшілеріне байқау ұйымдастырушыларының алғыс хаттары берілді.
Бұл жеңістер – тынымсыз еңбектің, табиғи дарынның, табандылықтың, шығармашылық батылдық пен өз ісіне деген адалдықтың жемісі! Әр жетістіктің артында сансыз дайындық, өз күшіне деген сенім, ұстаздардың қолдауы және биік белестерді бағындыруға деген ұмтылыс жатыр.
Жас өнерпаздарымызды, педагогтер мен шығармашылық ұжым жетекшілерін лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуларымен шын жүректен құттықтаймыз! Балаларының өнеріне қолдау білдіріп, сенім артқан ата-аналарға да ерекше алғыс айтамыз.
Түсініктемелер қосу